Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы


-13 семинар. Қазақстан тарихы ғылымы кеңестік жүйе кезеңінде. 20-



Pdf көрінісі
бет24/37
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57256
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
12-13 семинар. Қазақстан тарихы ғылымы кеңестік жүйе кезеңінде. 20-
30-шы жылдардағы және 40-90 шы жылдар арасындағы тарихи 
проблемалардың тарихнамалық көрінісі.
Мақсаты: Кеңестік кезеңдегі отандық тарихнама ғылымының даму 
үрдістерін айқындау 
Негізгі мәселелер: 
1.Ұлт зиялыларының қазақ тарихының өзекті мәселелеріне арналған 
зерттеулері. 
2. Большевиктік идеология және қазақ тарихының тағдыры.
3. Дәстүрлі шаруашылық бойынша тарихнамалық талас. 
4. Қазақстан тарихнамасындағы 40-50, 90-шы жылдар кезеңдеріндегі
тарихнамалық проблемалардың шешілуі барысы. 
Әдістемелік тәсілдердің түрлері: «дөңгелек стол» ұйымдастыру, қысқаша 
рефераттар дайындау, проблемалық талдау, 
Әдістемелік 
ұсынымдар: 
конспект 
дайындау, 
«дөңгелек 
стол» 
ұйысдастыру,
Ұлт зиялыларының қазан төңкерісі мен кеңес өкіметінің орнатылуы
туралы пікірлерін нақты тарихнамалық деректердің негізінде көрсеткен 
ұтымды. Оларды қазіргі кездегі жаңа көзқарастармен салыстырса, мәселені 
зерттелуде зиялылардың шынайы ой танытқанына көз жеткізуге болады. 
Мәселені «дөңгелек стол» ұйымдастыру арқылы талдаса тартымды, әрі 
материал жақсы меңгеріледі. 
Большевиктік идеологияның қазақ тарихын зерттеуге ықпалын арнайы 
Халық ағарту комиссариаты жанындағы партия тарихын зерттеумен
айналысқан, 
маркстік-лениндік 
методологияны, 
таптық 
бағыттың 
қалыптастырған институттың құрылуы және қызметі ауқымында қарастыру 
қажет. Бұл қазақ тарихын зерттеудегі бұрмалаулардың, сыңаржақ
тұжырымдардың, таптық-формациялық тұжырымдамалардың орын алуы 
себептерін түсінуге жол ашады. Мәселенің мәні алдын-ала дайындалған 
қысқаша хабарламалар бойынша айқындалғаны бір жағынан уақытты тиімді 
пайдалануға, екінші жағынан студенттерді қысқа ой түйіндеуге үйретеді. 


Дәстүрлі шаруашылық бойынша тарихнамалық таласты қарастыруда ең 
алдымен оның теориялық мәселелерін зерттеген ғалымдар еңбектерінің 
мазмұнын ашу қажет. Бұдан соң дәстүрлі шаруашылықтың экономикалық
әлеуметтік ерекшеліктерін көрсететін шығармаларға назар аударып, содан 
кейін аталмыш таластың себептері мен салдарына тоқталған жөн. Бұл 
мәселені сұрақжауап түрінде өткізген ұтымды. Сауалдарды студенттерге 
өздеріне қойдырып, жауаптарды өзара бағалау әдісін ұстану проблеманы 
терең түсінуге мүмкіндік береді. Білім студенттің сұрақты дұрыс қойғаны, 
жауап бергені үшін бағаланады. 
Төртінші мәселенің ауқымдылығына байланысты тақырыптың мазмұныны 
ашу үшін ең алдымен көрсетілген кезеңдегі отандық тарихнама ғылымы 
дамуының негізгі үрдістеріне назар аудару керек. ХХ ғасырдың 20-90 
жылдарындағы тарихнаманың дамуына ықпал еткен факторларды ашып 
көрсетудің маңызы зор. Себебі олар кеңестік тарихнаманың мәні мен 
бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Тарихнамада терең әрі жан-жақты 
зерттелген мәселелерді бөліп көрсету қажет. 
Әдебиеттер: Асфендиаров С. История Казахстана. А., 1991.; Байтурсунов А. 
Революция и киргизы // Жизнь национальностей. 1919. 3 августа.; Чокаев М. 
Туркестан под властью советов.-А.,1991.; Cафаров Г.И. Колониальная 
революция. Опыт Туркестана. М.,1921.; Рыскулов Т. Революция и коренное 
население Туркестана. Ч.1. 1917-1919.-Ташкент., 1925.; Голощекин Ф.И. 
Казахстан на путях социалистичекого переустройства. М-А-Ата., 1931.; 
История Казахстана сдревнейших времен до наших дней. Под.ред. 
А.Панкратовой. М.Абдыхалыкова. -А-Ата., 1943.; Вятин М.П. Батыр Сырым. 
-А-Ата., 1965.;Г алузо П.Г. Туркестан – колония. - А-Ата., 1935. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет