Кҥнделікті сабақ жоспары күнтізбелік және тақырыптық жоспарларға, бағдарламаның мазмұнына және ӛзінің сынып жӛніндегі біліміне, оқушылардың дайындық, даму дәрежесіне және сабақты ӛткізудің шартына сүйене отырып, жасалады.
Күнделікті сабақ жоспарын жасау сабақ мазмұнын, оқу материалын баяндаудың ретін, онда кездесетін әр алуан қиындықтар мен оларды жою жолдарын, оқушылар ӛздігінен орындайтын жұмыстарды, үйге берілетін тапсырмаларды, сабақ барысында туындайтын әр түрлі жағдайларды және т.с.с. мұғалімнің алдын-ала болжауына кемектеседі.
Сабаққа дайындалғанда мұғалім оқушылардың оқу-танымдық қызметінің заңдылықтарын жан-жақты ескере отырып, оқушылар қызметі мен іс- әрекеттерін басқару жӛніндегі ӛзінің қызметін жоспарлайды. Сабақ жоспары сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы болып табылады.
Сабақ жоспары қысқа болуы мүмкін, мұндай жағдайда ол тақырыптық жоспардағы сабақ схемасын қайталайды десек те болады. Жоспар кең кӛлемді болуы, әр сабақтың конспектісі түрінде де болуы мүмкін. Әсіресе, жас мұғалімдердің сабақтың толық жоспары мен конспектісін жазғаны жөн. Мұнан кейінгі оқу жылдарында оны жеке ескертулермен, жаңа әдістемелік ұсыныстармен, орындауға тиісті жаңа жаттығулармен және қойылатын сұрақтармен толықтырып отыруға болады. Сонда бірте-бірте бұл жоспар әр сыныптың жеке оқушыларының ерекшеліктеріне қарай сараланып, жетекші әдістемелік құралға айналады.
Сабақ жоспарының құрылымы, негізінен, сабақтың типіне байланысты болады. Бастауыш сыныптардағы сабақтар кӛбіне аралас сабақтар болып келеді. Әрине, жекелеген жағдайларда басқадай мақсатқа (қайталау, тексеру және т.б.) бейімделген сабақтар да ӛткізілуі мүмкін. Қазіргі мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген аралас сабақтың құрылымы тӛмендегідей кезеңдерден (олар әр түрлі ретпен жүргізілуі мүмкін -П.С.) тұрады:
Сабақтың тақырыбы;
Сабақтың мақсаты: Білімдік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
Практикалық:
Сабақтың жабдықталуы;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі;
Ӛткен материалмен жұмыс:
а) Ӛткен материалдың игерілуін тексеру;
ә) Үй тапсырмасының орындалуын қадағалау.
Жаңа материалмен жұмыс:
а) Жаңа материалды игеруге дайындық; ә) Жаңа материалды түсіндіру;
б) Жаңа материалды бекіту.
Үй тапсырмасы.
Сабақты қорытындылау.
Мұғалім сабаққа дайындалу барысында жоспардың мазмұны және құрылымымен қатар оның жасалу формасына (түріне) да тиянақты кӛңіл аударғаны жӛн. Ол жеңіл, әрі тез оқуға ыңғайлы болғаны дұрыс. Сонда сабақ барысында оны тиімді пайдалануға мүмкіндік туады. Осы мақсатта жоспар тезистік түрде нӛмірленіп, атқарылатын істің сатылары мен негізгі мағынасы арнайы сызықтармен бӛлінгені жӛн.
Жалпы алғанда, сабақ жоспарын жасаудың кӛптеген үлгілері бар. Әдетте, мектеп тәжірибесінде сабақ жоспарын дәстүрлі үлгіде жазу кең таралған. Біздіңше, оның кӛптеген кемшіліктері бар. Ең негізгі кемшілігі, дәстүрлі сабақ жоспарында тек қана мұғалімнің іс-әрекеті ғана кӛрініс табады да сабақтың сәйкес кезеңіндегі оқушылардың іс-әрекеті ескерілмейді. Екіншіден, әрбір кезеңдегі оқыту құралдары, әдістері мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формалары кӛрсетілмейді. Үшіншіден, жоспар конспекті түрінде жазылғандықтан, сабақ барысында мұғалімнің пайдалануына үлкен қиындық туғызады.
Осыларды ескере отырып, біз сабақ жоспарын жасаудың ыңғайлы үлгісін ұсынамыз. Біздіңше, оның схемасы мынадай болғаны жӛн:
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: а) білімдік міндет;
ә) тәрбиелік міндет;
б) дамытушылық міндет; в) практикалық міндет.
Сабақ кезең- дері
|
Сәйкес кезеңнің дидакти- калық мақсаты
|
Мұғалім- нің іс- әрекеті
|
Оқушы- ның іс- әрекеті
|
Оқыту құрал- дары
|
Оқыту әдістері
|
Оқыту форма- сы
|
Ескер- ту
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әрине, сабақ ӛткізу барысында мұғалім жоспар шеңберінде шектеліп қалмай, қажетті жағдайларда нақты ситуацияларға байланысты шегініс жасап отыруы керек. Әр сабақтан соң, оның кемшіліктері мен жетістіктеріне орай тиісті қорытынды жасап, осы туралы ойларын ескерту бағанына түсіріп отырғаны жӛн. Бұл кейінгі сабақтарға жасалатын жоспардың сапасын арттыруға септігін тигізеді.
«Мұғалім үшін әр күні сабаққа әзірленіп, жоспарлау жұмысын жүргізу ең жауапты іс. Сондықтан, әрбір сабақтың сапалы болуы мұғалімнің сынып бойынша атқарылатын бүкіл жұмысты дұрыс істей білуіне, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігіне байланысты», - деп К.Д. Ушинский айтқандай сабақ жоспарын жасау мұғалімнен кӛп ізденуді, қажырлылықты қажет етеді.
Күнделікті әр сабақты ӛткізу үшін сабақ жоспарын жеті рет емес, жетпіс рет ӛлшеп қарап, таразылап, ұтымды етіп құруға ұмтылғанда ғана сабақ нәтижелі болады. Сабақ жоспарын жасау барысында мұғалім сабаққа қойылатын жалпы дидактикалық, сондай-ақ нақты әдістемелік талаптарды ескеріп отырғаны жӛн. Сондықтан тӛменде осы талаптарды келтіріп отырмыз.
Сабаққа қойылатын жалпы педагогикалық талаптар мыналар болып табылады:
Мұғалімнің жетекшілік ролін ескеру;
Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, отаншылдыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың ғылым негіздерін жүйелі түрде игеруін қамтамасыз ету;
Теория мен практиканың ӛзара байланысы мен бірлігін ескеру;
Оқушылармен жүргізілетін жеке және ұжымдық жұмыстарды түрлендіріп отыру;
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалану;
Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесімі.
Қазіргі кездегі мектептегі сабаққа қойылатын негізгі әдістемелік талаптар мыналар:
Әр сабақтың айқын мақсаты, мазмұны және оның құрылымы алдын- ала белгілі болуы тиіс.
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге сабаққа дайындалуға байланысты ұсынған тӛмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жӛн:
а) жаңа материалды балаға таныс мағлұматтармен ұштастыру;
ә) сабақта алдын-ала даярланған сұраулар қою арқылы оқушылардың ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау.
б) қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты материалды енгізу;
в) баланың ішін пыстыратын, біркелкі мағлұматтардан сақтану, салыстыру, ұқсастыру арқылы әр түрлі әдістермен оқытуды жандандыруға тырысу;
г) алғашқы кездегі оқытудың деректі, кӛрнекі болуын қамтамасаз ету; д) оқытушының үйрететін нәрсесіне оқушының ынталануын туғызу;
Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойына біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
Сабақтың мазмұнының оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуын және әрбір сабақтың басқа сабақтар жүйесінің буыны екендігін ескеру.
Сабақта оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығуын арттыру ұшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, кӛрнекі және техникалық кұралдарды, түрлі ойындарды тиімді пайдалану. Осыған байланысты Ж.Аймауытов: «Баланың ынтасын арттыру үшін, оқытылатын нәрселерде бір
жаңалық болуы керек», - деп атап кӛрсеткен.
Сабақта оқушылардың танымдық бӛлсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды ұсынып отыру.
Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым- қатынас жасау шеберлігін жетілдіріп отыруы керек. Дұрыс педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Қарым-қатынас арқылы білім беру керек деген қағиданы іске асыруға ұмтылу.
Оқушыларға сабақта білім берумен қатар оларды ӛздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету.
Оқушыларға сапалы, терең және берік білім беруге тырысу.
Оқушыларды ӛмірде және тұрмыста кездесетін күрделі проблемаларды шешуге баулу.
Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, қоғам және отбасының игілігі үшін еңбек етуге, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақты ұйымдастырудың ширақтығы (оның дер кезінде басталып, уақытысымен аяқталуына, уақытты тиімді, нәтижелі пайдалануга кӛңіл бӛлу).
Сабаққа дайындалу және жоспарлау барысында осы сияқты талаптарды басты назарда ұстау сабақтың нәтижелі болуының қажетті шарттарының бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |