Бірінші қағида: сабақта қолайлы психологиялық ахуал туғызу. Мұғалім кез келген сабақты оның ӛзі мен оқушыларының бірлескен іс-әрекетінің жиынтығы деп түсіне білуі керек. Сабақ нәтижелі болу үшін ӛзара ынтымақтастыққа негізделген мұғалім мен оқушылар арасындағы жақсы қарым-қатынас орнатылуы тиіс. Ынтымақтастықтың негізгі кӛрсеткіштері мыналар:
Баланың жан-дүниесін сезіну.
Әр оқушының математикалық дайындығының деңгейін біліп, соған сәйкес қарым-қатынас жасау.
Сабақтың нәтижелі болуы тек қана мұғалімге байланысты емес, тікелей оның (оқушының -П.С.) ӛзінің орындайтын іс-әрекетіне де тәуелді екенін сездіру, т.с.с.
Екінші қағида: оқушылардың сабаққа, математика пәніне кӛңіл қойып, ынталы болуын қамтамасыз ету. Бұл үшін мұғалім педагогикалық әдеп пен әзіл-қалжыңды шебер үйлестіру, кейбір қызықты оқиғаларды баяндай отырып, оқушыларды әсерлендіру және т.б. арқылы математика пәніне деген қызығушылықты үнемі оятып отыруы қажет.
Ҥшінші қағида: педагогтық әдепті қатаң сақтау және оқушылардың алдында ӛзін дұрыс ұстау. Мұғалімнің бойында байқағыштық, ілтипаттылық және әділдік, оқушыларға сенім арту, тӛзімділік және сабыр сақтау сияқты қасиеттер мол болуы керек. Сондай-ақ ол ӛзінің сӛзіне есеп бере біліп, сӛйлеу мәнері логикалық және стиль жағынан дұрыс болып отыруына назар аударуы қажет.
Тӛртіншіқағида: сабақтың мақсаты мен міндеттерін дәл айқындау. Оқушы сабақта қандай мақсат кӛзделіп отырғандығын айқын түсінуі тиіс. Бұл оқушының сабаққа, оқу материалына деген саналы кӛзқарасын қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.
Бесінші қағида: мұғалім математикалық материалдың мазмұнын терең білуі керек. Мұнда ол оқу материалының мазмұнына терең талдау жасап, оның кӛлемін сабаққа қойылып отырған мақсат пен оқушылардың танымдық мүмкіншіліктеріне сәйкестендіруге, сондай-ақ ұсынылатын тапсырмалардың оқушылардың интеллектуалдық қиналуын туғызатындай, бірақ оның қиындығы оқушылар ӛздігінен іздену арқылы шеше алатындай дәрежеде болуына назар аударып отыруы қажет.