V. Сабақты қорыту. «Ішіне-сыртына» стратегиясы.
-
VІ.
VІІ. Оқушыларды бағалау.
Бесінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Уақыт жайында тҥсінік, сағат және минут.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Уақыт жайында түсінік беру және оның бірліктері сағатпен және минутпен таныстыру, сағат және минуттың ара қатынасын тағайындау, ӛзара кері есептер құру және шығаруды пысықтай түсу.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, сана-сезімін дамыту арқылы сәйкес шамаларды қосу және азайтуды салыстыра қарастыру.
Тәрбиелік: Қазақтың байырғы ӛлшем бірліктерін білуге, ұлттық санаға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың кӛрнекілігі: Плакат, кеспе қағаздар, ребустар, суреттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тынышталдырып, назарларын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берген 4-мысалды 3-4 оқушыға оқытып тексерту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгінгі ӛтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «Сағат және минут».
Түсіндірме кӛрнекілікпен жұмыс.
Сағаттың қысқа тілі сағаттық тіл деп аталады. Ол үлкен екі сызықшаның аралығын 1 сағатта жылжып ӛтеді. Ұзын тілі минуттық тіл деп аталады. Ол кішкене екі сызықшаның аралығын 1 минутта жылжып ӛтеді.
1 сағатта 60 минут бар.
Осы үш суретте 1 сағат ӛткеннен кейін, сағат тілдері қалай орналасады?
Практикалық жұмыс.
мысал. «Кім шапшаң» ойыны.
Бір минут ішінде қай санға дейін санай аласың? Сағатқа қарап тексер. Уақыт ӛлшемдері табиғи құбылыстарға негізделініп қалай аталады?
(Жыл, ай, тәулік- деп берілсе, ал астың пісуіне байланысты: ет пісірім, ет қайнатым, шәй қайнатым, сүт пісірім деген сӛздермен жеткізе білген.)
Намаз оқылуына байланысты қалай аталады? (Таң, түс, тал түс, күн тас тӛбеге келгенде, бесін - деп және де түнгі, кешкі уақытты: намазшам, күн ызара батқанда, құптан, күн батқанда - деп те, уақыт мезгілін айтқан.)
Математикалық диктант.
мысал.
Мына сандарды жаз: 2, 7, 72, 20, 70, 33, 83; 30, 80, 3, 8, 100, 10, 50, 5.
Сергіту сәті:
-
Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір.
|
Теп допты оң аяқ, Теп допты сол аяқ. Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай - ақ.
|
Ауызша жұмыс.
мысал. Берілген сұрақтарға ауызша жауап беру.
Тақтамен жұмыс. 5-есеп:
а) Дойбы – 20 мин
Шахмат – ? 5 мин артық. Шешуі: 20 + 5 = 25.
Жауабы: 25 мин шахмат ойнады.
ә) Дойбы – ? 5 мин кем Шахмат – 25 мин.
Шешуі: 25 – 5 = 20.
Жауабы: 20 мин дойбы ойнады.
б) Дойбы – 20 мин ? мин Шахмат– 25 мин
Шешуі: 25 + 20= 45.
Жауабы: Шахматты және дойбыны 45 мин ойнады.
Ребус шешу:
Математикалық фокус:
Туған күнге 20-ны қосып, шыққан саннан 17-ні азайту керек. Алынған нәтижені 3-ке кемітсе, туған күн шығады.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған жаттығу.
Мысалдардың жауаптарының ӛсу реті бойынша жолаушының қозғалыс бағытын анықта:
Мақсаты: Оқушылардың дӛңгелек ондықтарды қосу және азайту, сандарды ӛсу ретімен орналастыра білу жӛніндегі түсініктерін онан әрі кеңейте түсу.
Нұсқау: Суретте кӛрсетілген ӛрнектердің мәндерін табу? Сонан соң оларды мәндерінің ӛсу реті бойынша тізіп жазу ұсынылады:
-
90 - 80
|
40 - 20
|
60 - 30
|
10 + 30
|
70 - 10
|
20 + 50
|
30 + 60.
|
Мұнан кейін суреттегі келтірілген жазулар нелердің атаулары, олардың қай елдің қалалары екендігі туралы әңгіме ұйымдастырған жӛн. Енді тақтада тізіп жазылған ӛрнектердің тұсына қала аттарын кӛрсету ұсынылады. Соңында Астанадан жолға шығып, ӛрнектердің мәндерінің ӛсу реті бойынша барлық қалаларды аралап шығу жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |