7 санына байланысты қазақ халқында кездесетін сӛз тіркестері мен мақал-мәтелден жарыс:
«Абай» ауылы: 1. Жеті атасын білмеген жетесіз.
2. Жеті тиын садақа.
«Ыбырай» ауылы: 1. Жеті жұт ағайынды.
2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
«Шәкәрім» ауылы: 1. Жетіқат кӛк, жеті қабат жер асты.
2. Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады, Жаманды жеті жыл жетелесең, кәнден болады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқулықтағы 1-есепті шығарып, тексеру. Бұл тапсырма тӛрт топқа ортақ беріледі. Қай топ бұрын орындаса және дұрыс болса ұпай жинайды.
Теледидарлар - 48 және 24 Бӛлінді - 9 дүкенге
Әр дүкенге - ? теледидар Шешуі: (48+24):9=72:9=8.
Жауабы: 8 теледидар.
Әкелінді - 32 орындық Алды - 4 топ 7 орындықтан Қалғаны -?
Шешуі: 32 – 4 х 7 = 4.
Жауабы: 4 орындық.
2-жаттығу. Кӛбейтінді мен бӛліндінің мәндерін тауып жаз. Әр ауылдан бір оқушыдан шығып, тақтаға орындайды:
7л · 7 = 49л
49л : 7 = 7л
9л · 7 = 63л
630л : 7 = 90л
8л · 7 = 56л
560л : 7 = 80л
10л · 7 = 70л
70л : 7 = 10л.
Ойын "Қан талапай". №3 жаттығу. Әр топтан оқушылар шығып, нӛмірленген асықты алып, нӛмірі бойынша үлестірмелі парақтағы тапсырманы орындайды.
Қалдықпен бӛлуді орында:
26 : 7 = 3 (қалд. 5) 32 : 7 = 4 (қалд. 4) 43 : 7 = 6 (қалд. 1)
20 : 7 = 2 (қалд. 6) 58 : 7 = 8 (қалд. 2) 64 : 7 = 9 (қалд. 1).
Сұрақ: Санды 7-ге бӛлгенде қандай қалдықтар қалуы мүмкін?
1, 2, 3 ,4, 5, 6.
Ауызшажұмыс.4-жаттығу. Әр топқа бір-бірден тапсырма беріп, ауызша орындату:
70 – ті 7 есе арттыр 3) 70- ті 7- ге арттыр