Сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың Әдістемесі


Бағалау: Ҥйге: №8 есеп. Сабақты қорытындылау



бет85/106
Дата21.07.2023
өлшемі3,53 Mb.
#104605
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   106
Байланысты:
sagymbekova-bastauysh-synyptardyn

Бағалау:


  • Ҥйге: №8 есеп.
  • Сабақты қорытындылау.


    Әріпті ӛрнек пен санды ӛрнектің айырмашылығын біле отырып, әр түрлі

  • есептер шығардық. Салмақ ӛлшемдерінің бұрын немен ӛлпшенгенінен мағлұмат алды.
    Тӛртінші сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Санды 10, 100, 1000-ға кәбейту және


    бӛлу. Сәйкес қалдықпен бӛлу.

    Сабақтың мақсаты:


    Білімділік: Санды 10, 100, 1000-ға кӛбейту және жалпы білімдерін жетілдіру. Қалдықпен бӛлуді меңгерту.
    Дамытушылық: Тез ауызша есептеуге, ойлау логикаларын дамытуға, ӛздіктерінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
    Тәрбиелік: Сабаққа қызығушылығын арттыра отырып нақтылыққа, тиянақты жауап беруге тәрбиелеу.
    Сабақтың тҥрі: Аралас сабақ.

    Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың кӛрнекілігі: Тест, граф.проектор, кесте. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
    Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

    II. Үй тапсырмасын сұрау:


    а) Үй тапсырмасы «Рейтинг» әдісі арқылы тексеріліп, соңғы жауабы оқылады.
    б) Ауызша есептеулер:

    • Ойлаған санға 5-ті қосқанда 15 шықты, ойлаған санды тап. (10)

    • Ойлаған сан мен 20-ң айырмасы 80-тең. Ойлаған санды тап. (100).

    ІІІ. Жаңа материал бойынша:


    Мақсатымен таныстырамын: 10, 100, 1000-ға кӛбейту және бӛлуді және қалдықпен бӛлуді үйренеміз.
    Олай болса мына кестеге назар аударамыз:
    2х10=20 20:10 = 2 23х10=230 230:10=23
    2х100=200 200:100=2 23х100=2300 2300:100=23
    2х1000=2000 2000:1000=2 23х1000=23000 23000:1000= 23
    Кез-келген санды 10, 100, 1000, т.с.с. дӛңгелек сандарға кӛбейткенде нӛлдеріне кӛңіл бӛлмей сандарын кӛбейтеміз. Нӛлдерін санап кӛбейтіндінің соңына тіркеп жазамыз. Ал, керісінше, дӛңгелек сандарды бӛлуде нӛлдеріне қарамай сандарын бӛліп, бӛлінгіштің нӛлдерінен бӛлгіштің нӛлдерін шегеріп, қалғанын бӛліндінің соңына тіркеп жазатынымызды түсіндіреміз.
    Мына кестеге қарап, қалдықпен бӛлуді түсіндірейік: 23 : 10 = 2(қалд.3)
    230 : 100 = 2(қалд.30)
    2300 : 1000 = 2(қалд.300).
    Қалдықпен бӛлу үшін, бӛлінгіштен кіші бӛлгішке бӛлінетін ең үлкен санды анықтаймыз. Бұл санды бӛлгішке бӛліп (20 :10, 200 :100, 2000:1000), бӛліндінің мәнін табамыз. Бӛлінгіштен бұл санды азайтып қалдықты табамыз. Қалдық әрқашан бӛлгіштен кіші (3 < 10, 30 < 100, 300 < 1000) сан болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   106




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет