Сабақтастықты қамтамасыз етеді. 1-кесте Бейіндік оқытудың типтік оқу жоспарының ерекшеліктері Жаратылыстану



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі387,95 Kb.
#7926
түріСабақ

85 

–  бейіндік  оқыту  аясында  жекелей  және  аралас  пәндерді  кіріктіру 

жолымен  орта  мектеп  пен  жоғары  мектептің  бакалавриат  бағдарламасындағы 

сабақтастықты қамтамасыз етеді.  

 1-кесте  

Бейіндік оқытудың типтік оқу жоспарының ерекшеліктері 



Жаратылыстану-

математикалық 

бағыты  

Қоғамдық-гуманитарлық 

бағыты  

Технологиялық бағыт 

1  


Инварианттық 

компонент  

Базалық пәндер   Базалық пәндер  

Инварианттық 

компонент 

Бейіндік пәндер  

Бейіндік пәндер  

Бейіндік пәндер 

2  

Вариативтік 



компонент  

Қолданбалы 

курстар  

Қолданбалы 

курстар  

Вариативтік компонент 

Таңдау бойынша 

курстар  

Таңдау бойынша курстар  

Таңдау бойынша 

курстар 

 

Әдебиеттер: 



1.Ямбург Е.Я. Управление развитием адаптивной школы. – М.,2004.-С.39. 

2.Немова Н.В. Новый учебный план профильного обучения 

старшеклассников //Директор школы, 2005. - №1. – с.49-58. 

3.Қазақстан Республикасында бейінді оқытуды дамыту тұжырымдамасы. 

– Астана, 2010. 

 

 



ӘОЖ 372.881.1:373.3 

 

М. А. Нұрбек 



 ғылым магистрі, аға оқытушы, «Сырдария» университеті, Қазақстан 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ЛЕКСИКАНЫ 

МЕҢГЕРТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

В данной статье анализируются научные выводы ученых относительно 

бытовой  лексики  казахского  языка.  Также  рассматриваются  наименования 

предметов,  мебели,  использующихся  в  домашнем  быту,  домашней  утвари, 

посуды, одежды и их частей, драгоценных украшений и ценных вещей. 

Summary 

This  article  deals  with  the  scientific  conclusions  of  scientists  regarding 

household lexicon of the Kazakh language. It is also discussed the names of subjects, 

furniture  used  at  home,  household  utensils,  dishes,  clothes  and  parts  thereof,  

precious jewelry and valuables.  

 

Қазіргі заманғы лингвистиканың өзекті мәселелерінің арасында маңызды 

орындардың  бірін  тұрмыстық  лексика  алып  отыр.  Оны  жоғары  оқу 

орындарында  оқыту  мәселесі  назарға  алынуы  тиіс,  себебі  салт-дәстүр  мен 

халық тұрмысынан хабар беретін, шаруашылық әрекетін танытатын алуан түрлі 


86 

тұрмыстық  атаулар  мен  тіркестерді  студент-жастар  меңгеруі  қажет.  Сонымен 

қатар,  студенттердің  мамандығына  сай  сөздік  қоры  қалыптасуы  қажет  деген 

түйіндер  туындайды.  Әрине,  бұл  тұста  студенттерге  қазақ  және  өзбек 

тілдеріндегі тұрмыстық лексиканы меңгерту мәселесі міндетті түрде педагогика 

ғылымы мен соның ішінде дидактика заңдылықтарына сүйенеді. 

Бүгінгі  күні  тұрмыстық  лексиканы  оқыту  мәселесі  ең  өзектілердің  бірі 

болып  табылады.  Студенттерге  тұрмыстық  лексиканы  оқыту  оқытушыдан 

дидактика  заңдылықтарына  негізделген  үлкен  шеберлікті  қажет  етеді.  Әрбір 

оқытушының  тілді  оқытуда  өзіндік  жеке  әдісі  болады.  Студенттердің  тілдік 

және  қатысымдық  дағдыларын  қалыптастыру  жоғарыда  көрсетілген 

факторларға  байланысты.  Кез-келген  оқытушы  оқыту  әдістемені  жасау 

барысында  негізгі    дидактиканың    қағидалары  мен  ұстанымдарын  алып 

отырады. Жалпы дидактикалық ұстанымдар қатып «қалған» догма емес, десек 

те,  оқытуда  оны  үнемі  басшылыққа  алып  отыруды  қажет  етеді.  Олар:  оқыту 

әрекетіне  жалпы  бағыт  береді,  оқу  жадығатының    жеңіл  қабылдануына  әсер 

етеді,  педагогикалық  әрекеттің  жақсаруына  жағдай  жасап  отырады.  Осы 

ұстанымдарды жетекшілікке  ала отырып, оқытушы оқыту  әрекетін жүйелейді, 

бір  қалыпқа  түсіреді  және  жаңартады,  сол  арқылы  студенттердің  тілдік 

жадығатты игеруін жеңілдетеді. 

Ф.Оразбаеваның  «Тілдің  қарым-қатынас  пен  қатысым  әдісінің    ғылыми-

теориялық  негізгі»  атты  докторлық  диссертациясының  әлеуметтік 



маңыздылығы сол, қазақ тілінің алғаш рет қатысым  әдісінің теориялық  негізі 

қаланды. Тағы бір баса айтар жайт, лингвистикалық-әдістемелік   әдебиеттердің  

көпшілігінде    сөйлеу    әрекеттері    төрт    түрлі      қарастырылып  келсе,  ғалым  

Ф.Оразбаева  сөйлеу  әрекетін   мынандай  бес  түрге  бөліп қарастыра  келіп, 

оның  әрқайсысына  жеке-жеке  мәлімет  берді: 

1) Айтылым; 

2) Оқылым; 

3) Тыңдалым

4) Жазылым ; 

5) Тілдесім 

1, 46 б.


Тұрмыстық лексиканы меңгеру үшін студенттердің сөздік қоры болуы 



тиіс. Бұл жайында: «Барлық тіл – сөздер тілі, сол үшін тілді меңгеру үшін 

адамның сөздік қоры болуы шарт», 

 деген А.М.Шанский [2, с. 12]. 



В.Н.Яковлева оқушылардың сөз байлығын етістіктер арқылы жетілдіруге 

болатындығын дәлелдеген. Ғалым етістіктерді мынадай лексикалық-

семантикалық топтарға бөліп қарастырған. 

а) қимыл; 

ә) сөйлеу; 

б) ойлау; 

в) адамның психикалық қалпы; 

г) адамның физиологиялық қалпы. 

Етістіктерді  оқушылардың  белсенді  сөздік  қорына  ендіру  үшін  түрлі 

жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Сол арқылы оқушылардың лексикалық қорын 



87 

жетілдіруге,  сөйлеу  тілін  дамытуға  болатынын  ғылыми  негізде  көрсетуі 



әлеуметтік тұрғыдан маңызды [3]. 

В.Н.Яковлеваның  пікіріне  қосыла  отырып,  тұрмыстық  лексиканы  

меңгерту  барысында  олар  лексикалық-семантикалық  топтарға  бөлініп 

қарастырылды.  Мысалы:  1)  тұрғын  үйдің,  оның  бөліктерінің  және  тұрғын  үй-

шаруашылық  құрылыстарының  атаулары,  2)  керек-жарақтардың  атаулары,  3) 

ыдыс-аяқтардың  атаулары,  4)  киімдер  мен  әшекейлердің  атаулары,  5) 

әбзелдердің  атаулары,  6)  аспаптар  мен  қол  еңбегі  құрал-саймандарының 

атаулары. 

Б.Анисимов  студенттердің  белсенді  сөздік  қорын  түрлі  сөздіктермен 

жұмыс  жүргізу  нәтижесінде  молайтуға  болатынын  айтқан.  Ол  сөздерді 

активтендіру үшін үш түрлі бағытты атап көрсетеді: 

1) Сөздерді ассоциативті байланыс арқылы меңгерту

2) Сөздерді сөйлемдегі мағыналық байланыс арқылы меңгерту; 

3) Сөздерді сөйлемдегі парадигматика арқылы меңгерту [4, с. 13]. 

Б.Анисимов  сөздердің  лексикалық  және  грамматикалық  мағыналарын 

түсіндіру,  аударма  жасау,  сөйлем  құру,  сөйлемдегі  сөздерді  тақырыпқа 

байланысты  беру  қажеттігін  атап  көрсетеді.  Оның  басты  әлеуметтік 

сұранысы: сөз байлығын жетілдіру үшін шәкірттерге сөздік жұмысын жүргізу 

қажет екендігін көрсетуі. 

Б.Анисимов  пікірін  қолдай  отырып,  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

мамандығында  оқитын  студенттердің  сөздік  қорын  қазақ  тілінің  және  өзбек 

тілінің  түсіндірме  сөздігі  (Узбек  тилининг  изохли  луғати)  арқылы  молайту 

зерттелініп отыр. 

Айтылғандарды  түйіндесек,  студенттерге  тұрмыстық  лексиканы  оқыту 

әрекеті  тікелей  дидактика  ғылымының  заңдылықтары  мен  ережелеріне 

сүйенеді.  Тек  әдістеменің  дидактикамен  өзара  тығыз  байланысы  ғана  оқудың, 

танымның, білімді игерудің тиімділігін және олардың тәжірибеде жүзеге асуын 

қамтамасыз етеді. Оқу үрдісі оқыту ұстанымдарын мөлшерлейтіні белгілі. Бұл 

ұстанымдар  оқытушы  басшылыққа  алатын  дидактикалық  тәртіп  нормасы 

болып  есептеледі.  Оларды  қадағаламайынша  оқу  үрдісінің  тиімді  және  дұрыс 

қызмет жасауы мүмкін емес. 



Жалпы дидактикалық ұстанымдарға мыналар жатады: 

-ғылымилық ұстанымы

-жүйелілік ұстанымы; 

-тәжірибенің теориямен байланысы; 

-саналылық ұстанымы; 

-жекелік және ұжымдық біртұтастық немесе белсенділік ұстанымы; 

-нақтылық және абстрактылық бірлігі ұстанымы

-түсініктілік ұстанымы; 

-білімнің беріктігі ұстанымы. 

Ғылымилық  ұстанымы 

  тұрмыстық  лексиканы  оқытуда  бұл  тілдік 



материалды  ғылыми  тұрғыда  сұрыптау  мен  оны  оқыту  әдістерін  ғылыми 

тұрғыда  қолдануды  білдіреді.  Тілдік  материалды  ғылыми  тұрғыда  сұрыптау, 

негізінен  тұрмыстық  лексика  саласының,  заңдылықтарының  шексіз  үлкен 


88 

ауқымы мен оны оқытуға бөлінетін шектеулі уақыт қорына байланысты туады. 

Ғылыми  тұрғыда  дәлелденген  оқыту  әдістерін  қолдану  мынадай  жағдайларға 

сәйкес  келу  қажеттілігінен  туып  отыр:  студенттердің  оқу  мүмкіндігі  мен 

психикалық ерекшелігі; оқу кезеңі; оқу материалы мазмұны; оқу мақсаты мен 

міндеттері. 



Жүйелілік  ұстанымы 

  тұрмыстық  лексиканы  оқыту  тұрғысынан 



алғанда бұл ұстанымы білім, білік, дағдының жүйелі түрде меңгерілгенін талап 

етеді. 


Тілдік  материал  ретпен  логикалық  тұрғыда  құрылған  жүйе.  Олай  болса, 

жүйелілік  ұстанымы  бойынша,  оның  әрбір  алдыңғысы  одан  кейін  келетін 

тұлғаның берік меңгерілуіне негіз болуы қажет. Және бұл тілдік жүйенің әрбір 

бөлшегі бір-бірімен тығыз байланыста меңгерілуі тиіс. Егер бір бөлшегі дұрыс 

меңгерілмесе,  ол  оның  келесі  бөлшегінің  меңгерілуіне  кері  әсерін  тигізеді. 

Мәселен, студенттер лексика саласын дұрыс меңгермесе, тұрмыстық лексиканы 

меңгерту мүмкін емес, т.б. 

Тілдік материалды меңгерудегі логикалық байланыс пен жүйелілік сөйлеу 

және тілдік қатынастағы өте қажет құбылыстан қажеттілігі шамалы құбылысқа 

дейінгі прогрессиямен анықталады. 

Жүйелілік  ұстанымы  тұрмыстық  лексиканы  оқытуда,  сондай-ақ оны  оқу 

барысында  үлкен  жауапкершілікті  қажет  етеді.  Тұрмыстық  лексиканы  оқу 

барысында студенттер тілдік материалмен жүйелі жұмыс жасағаны жөн. 

Теорияны  тәжірибемен  байланыстыру  ұстанымы 

  бұл  екеуін 



біріккен,  бөлуге  келмейтін  бүтін  тұтастық  ретінде  қарастырады.  Себебі 

теориясыз тәжірибе, тәжірибесіз теория жоқ. 

Тұрмыстық лексиканы оқытуда теорияға грамматикалық ереже мен оның 

лексикалық  құрылысын  білу  жатады.  Яғни,  тұрмыстық  лексиканы  оқытуда 

теория дегеніміз 

 тілдік білім, немесе тілдік құзырет. 



Тұрмыстық  лексиканы  оқытуда  тәжірибе  деп  тілдік  білімді  сөйлеу 

қызметінде қолдануды айтамыз. Бұл мынадай әрекеттерді қамтиды: 



-  Тыңдалым 

  фильм,  радиохабар,  пленкаға  жазылған  мәтін  мен 



мәліметті түсіну; 

-  Айтылым  -  күнделікті      қолданыс    тақырыбына    диалогтық    немесе 

монологтық түрде сөйлей білу; 



- Оқылым 

 тақырып бойынша әр түрлі мәтіндерді оқу. 



- Жазылым немесе ізденушілік сипаттағы  мәтін, эссе, шығарма жазу. 

-  Тілдесім 

  студенттер      меңгерген      білімін,      білігін      еркін      тілдік 



қатынаста қолдана білуі жөн. 

Сонымен,  тұрмыстық  лексиканы  оқытудағы  тәжірибе  дегеніміз 

  бұл 


тілдік білімді сөйлеу әрекетінде қолдана білу немесе тілдік құзырет. 

Саналылық  ұстанымы 

  берілетін  оқу  материалын  студенттердің 



түсіну қажеттігін көрсетеді. Бұл тұрмыстық лексиканы оқытуда да орындалуға 

тиіс ұстаным. Аталған ұстанымды басшылыққа алуда көбіне, жаңа сөздің мәнін 

сезім арқылы ашу мен болжау белгілі рөл атқарады. Және бұл жерде екі тілдік 

сөздікпен  жұмыс  жасау  өте  маңызды.  Дегенмен  де  онымен  жұмыс  жасау 



89 

дағдысы  болмайынша,  тілдік  материалды  оқу  мүмкін  емес.  Басқа  жағдайда 

тұрмыстық лексиканы оқу тек қайталау мен механикалық жаттаудан тұрар еді. 

Жекелік  және  ұжымдық  біртұтастығы  ұстанымы  –  әрбір  студенттің 

қабілеті мен жеке қасиеті оқу барысында қиындық туғызатындықтан, зерттеуді 

талап  етеді.  Соның  негізінде  оқытушы  өзінің  әрбір  студентпен  және  топпен 

жұмысының  бағытын  айқындайды.  Сөйтіп  оқытушы  топпен  жұмысын  тиімді 

ұйымдастыруға бар күшін салады және қажетті шараны уақытында қолдануына 

мүмкіндігі  болады.  Қажеттігі  туғанда  студенттерге  жекелей  көмек  көрсетіп, 

ақыл-кеңес  беруді  де  назарынан  тыс  қалдырмайды.  Бұл  ұстанымды  жүзеге 

асыру барысында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану қажет. 

Тұрмыстық  лексиканы  оқыту  тұрғысынан  алып  қарасақ,  бұл  ұстаным 

студенттердің  ұжымдық  және  жеке  жұмысының  байланысы  негізінде  оны 

меңгерудегі  өз  бетімен  жұмыс  және  ізденушілік  белсенділігін  дамытуда 

басшылыққа алынады. 

Студенттер  тұрмыстық  лексиканы  меңгеру  үшін  өз  беттерімен  жұмыс 

істеуге үйренуі қажет. Меңгерген материал негізінде мәселе қоюды, оған жауап 

бере білу, әңгімелеу дағдысын қалыптастырғаны жөн. Бұл жерде проблемалық 

жағдаят жасау технологиясы қолданылады. 

Қателерін  өз  бетімен  жөндеп,  көріністік-сахналық,  диалогтық  сөйлеу 

тілінде меңгерген материалды ізденушілікпен қолдануға үйренгені жөн. 

Нақтылық  пен  абстрактылық  бірлігі  ұстанымы 

  абстрактылық 



ойлауды  оқытудың  көрнекілігімен  байланыстыру  қажеттігін  көрсетеді.  Яғни, 

нақтылы ақиқат фактылар мен меңгеретін ұғымдар соның негізінде жасалатын 

теориялық  қорытындылардың  байланысын  көрсетеді.  Тұрмыстық  лексиканы 

оқытуда  бұл  ұстаным  басқа  сипат  алады.  Бұл  жерде  аталған  ұғымдар  мен 

теориялық қорытындыларды оқу жайында емес, керісінше, олардың тұрмыстық 

зат  атауы  және  оны  көрнекілік  арқылы  сипаттау  сөз  болады.  Сондықтан 

тұрмыстық лексиканы оқыту барысында бұл ұстанымды көрнекілік ұстанымы 

деп атаған да жөн. 

Жалғастырушы  кезеңде  көрнекілік  ретінде  заттар  емес,  негізінен 

суреттер,  модель,  өрнек,  иллюстрация  және  басқа  көрнекіліктермен  қатар 

техникалық құралдар да зор қызмет атқарады.  

Бүкіл  дүние  жүзіндегі  білім  беру  мекемелері  Интернеттің  ақпараттық 

ресурстарын  қолдана  алатын  кезде  білім  беруде  компьютерлік  техниканы 

қолдану  таң  қалдырмайтын  болды,  сондай-ақ,  оқытушылар  мен  зерттеушілер 

ақпараттық  және  жаңа  компьютерлік  технологияларды  қолданудың 

тиімділігінің оқу үдерісіндегі алатын орнына көп назар аударуда. 

 Болашақ  мамандарға  қойылатын  қазіргі  заманғы  талап  тек  таңдап  алған 

мамандығы  бойынша  білімі  бар  мамандарды  ғана  емес,  сондай-ақ  еңбекті 

автаматтандыру  үшін  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдануға  қабілетті 

мамандарды  талап  етеді  [5].

 

Сондықтан  да  студенттердің  жаңа  ақпараттық 



технологияларды пайдалана білуі тиімді болмақ. 

Бұл  ұстанымды  сабақта  қолдану  тұрмыстық  лексиканы  оқытуды 

түрлендіріп, қызғылықты етеді. Оқу материалын есте сақтау деңгейін көтереді, 

оқу  нәтижесіне  жақсы  ықпалын  тигізеді.  Бұл  ұстаным  арқылы  тұрмыстық 



90 

лексиканы оқыту үрдісінде екі тілдік сөздікпен жұмыс жасау қажет. Сонда біз 

сөздікпен жұмыс жасау әдісін қолданамыз. 

Түсініктілік  (ашықтық)  ұстанымы 

  бойынша  оқыту  студенттердің 



қабілеті  мен  даму  деңгейіне  қолайлы,  түсінікті  болуы  тиіс.  Тұрмыстық 

лексиканы  оқытуда  бұл  ұстаным  оқу  материалын,  оның  сөздік  қорын, 

грамматикалық  құрылысын,  тақырыбы  мен  мазмұнын  дұрыс,  талапқа  сай 

бөлуінен  көрінеді.  Оның  әрбір  бөлігінде  сандық  және  сапалық  прогрессияны 

қадағалау қажет. Студенттердің меңгеруіне арналған тілдік материал оқытудың 

әр  кезеңінде  олардың  шамасына  шақ  болуы  тиіс.  Өте  жеңіл  немесе  өте  қиын 

болмағаны  жөн.  Оқу  материалының  ауқымы  және  оның  күрделену  деңгейі 

біртіндеп  өскені  дұрыс.  Бұл  жерде  саралап-денгейлеп  оқыту  технологиясы 

қолданады.  Және  студенттер сол  алдын  ала қарастырылған  уақыт  аралығында 

оны меңгеріп үлгеруі қажет. 



Білімнің  беріктігі  ұстанымы  студенттердің  меңгерген  білімдерін  есте 

сақтау қабілетінің жоғары деңгейде болуын талап етеді. Бұл меңгерген білімді 

тек  сабақта  ғана  емес,  одан  кейін  күнделікті  өмірде  қолдану  қажеттілігіне  де 

байланысты. 

Тұрмыстық лексиканы оқытуда білімнің беріктігі өте жоғары бағаланады. 

Себебі  бұл  білім  мен  білік  ешқашан  өзінің  мәнін  жоймайды,  ескірмейді. 

Тұрмыстық лексиканы берік меңгеру жолы тілдік фактілер мен құбылыстарды 

саналы  түрде  қабылдау  және  есте  сақтау.  Яғни  білімді  қабылдау  одан  кейін 

қайталау  арқылы,  тілдік  дағды  мен  білік  берік  меңгеріледі.  Тілдік  материал 

мынадай  жағдайда  берік  меңгерілген  болып  есептеледі:  егер  студент  оқу 

бағдарламасы  талабына  сәйкес  толық  түсініп  оқыса,  басқа  адамның  ауызша 

айтқан  сөзін  түсінгенде,  дұрыс  сөйлеп,  сауатты  жаза  алса.  Осы  ұстанымды 

жүзеге  асыру  барысында  біз  интербелсенді  әдістерінің  бірі 



  сұхбаттасу 



әдісін қолданамыз. 

Жоғарыда  аталған  ұстанымдар  құрамына  кешенді  оқыту  ұстанымын 

қосу дұрыс. 

Бұл  ұстаным  бойынша,  тұрмыстық  лексиканы  меңгеру  үшін  тұрмыстық 

зат  атаулары  мағыналарын  түсіну,  олардың  дұрыс  айтылуы  мен  дұрыс 

жазылуын  білу,  басқа  лексика  түрлерінен  (этнографиялық  лексика,  кәсіби 

лексика,  т.б.)  мағыналарын  ажырата  білу  қажет.  Осыған  байланысты  кешенді 

оқыту  ұстанымы  тұрмыстық  лексиканы  оқытудың  негізгі  ұстанымы  болып 

саналады.  Бұл  ұстаным  бес  түрлі  тілдік  әрекетті  меңгеруді  талап  етеді.  Олар: 

тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым және тілдесім [1, 25 б.]. Бұл ұстаным 

оқытудың  әр  кезеңінде  басқаларына  қарағанда  белгілі  бір  тілдік  дағдының 

артықшылығы  болатынын  жоққа  шығара  алмайды.  Мәселен,  оқытудың 

бастапқы кезеңінде тыңдау және айту дағдысына, ал жалғастырушы кезеңінде 

оқу және жазу дағдысына ерекше көңіл бөлінеді. Дегенмен де, тілдік дағдының 

біріне  немесе  екіншісіне  көңіл  аударғанда,  қалғандарын  да  естен  шығармаған 

дұрыс. Оқытудың барлық кезеңінде олар үздіксіз дамып отырғаны жөн. 



Өзектілік  ұстанымы.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығында  оқитын 

студенттерге  тұрмыстық  лексиканы  оқытудағы  өзекті  мәселе 

  осы  пәнге 



байланысты  тілдік  қарым-қатынасты  іске  асыру,  сөздік  қорды  дамыту.  Мұнда 

91 

оқитын  студенттерге  тұрмыстық  лексиканы  оқытудағы  негізгі  мақсат 

 

олардың  түрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы  тілдік  қорын  дамыту,  бір-бірімен  емін-



еркін  тілдік  қатынас  жасап,  өз  ойын  ауызша  да,  жазбаша  да  жеткізе  білуге 

үйрету,  студенттерді  тұрмыстық  сөздердің  қолданыстық  мағыналарын  дұрыс 

ажырата білулеріне жаттықтыру. 

Пәнге  байланысты  мәтіндерді  меңгертуде  сөйлесім  әрекетінің  барлық 

түрін қамтитын тілдесім маңызды орын алады. 

Мысалы: 


1-жаттығу.  Тұрмыстық  зат  атаулары  түрлеріне  байланысты  бірнеше 

сұрақ дайындап, көршіңізге қойыңыз. 



2-жаттығу. Құрамында тұрмыстық заттары бар 10 мақал-мәтел айтыңыз. 

3-жаттығу. Қазақ тұрмыстық заттары туралы теледидардан көрген, газет-

журналдан оқыған материалдар негізінде диалог құрастырыңыздар. 

Бұл  тапсырмаларды  орындауда  айтылым  әрекеті  көбірек  қолданылады. 

Айтылым – адам өз ойын жарыққа шығарып, қарым-қатынас жасауда маңызды 

рөл  атқарады.  Жалпы,  айтылым  бір  адамға  тән  болғанымен,  тілдік  қатынаста 

екі жақты байланыс қажет.  Айтылым әрекетіне қатысты  ең маңызды мәселе – 

сөзді  дұрыс  айта  білудің  заңдылықтарын,  яғни  орфоэпиялық  нормаларды 

меңгерту. 

Тұрмыстық лексиканы дамыта оқытуда динамикалық өзгеру ұстанымы 

студенттерге  берілетін  жаттығу,  тапсырма  т.б.  түрлері  бір  сарынды  болмай, 

үнемі  дамып,  оның  мән-мағынасы,  маңызы  артып,  жетіліп  отыруы  керек.  Сол 

кезде  студенттердің  білім  алуға  қызығушылығы  мен  ынтасы  артып, 

құлшынысы оянады. Барлық жұмыстар сан жағынан да, сапа жағынан да үнемі 

өзгеріп,  даму  үстінде  болуы  керек.  Таңдалынып  алынатын  мәтіндер  қазіргі 

тұрмыстық зат атауларына байланысты жаңадан енген не жаңадан пайда болған 

атауларды қамтып, мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар да үнемі өзгеріп, 

жаңарып отыруы керек. Мысалы, 

1-жаттығу.  Өзбек  тіліндегі  үйдің  және  оның  бөліктерінің  атаулары 

жайлы түсініктеме беріңіз. 



2-  жаттығу.      «Қазақтың  қол  өнері»      деген  тақырыпта  баяндама 

жасаңыздар. 

Бұл  тапсырмаларды  орындау  арқылы  студенттер  дұрыс  жазып,  сауатты 

сөйлеуге  дағдыландырылды.  Өз  ойын,  пікірін  қазақ  тілінде  жеткізуге 

талпынады. Адамзат баласының әрекеттеріне талдау жасап, өзіндік баға беруге 

үйретіледі. 



Тұрмыстық лексиканы оқытуда жүргізілетін жұмыстардың түрлерін 

айқындау  ұстанымы  тұрмыстық  лексиканы  оқытудың  сапалы  болуын 

қамтамасыз етеді. Себебі студенттерге мұны меңгертуде қандай жұмыстар мен 

тапсырмалар орындауы керектігін оқытушы алдын-ала белгілеп алуы керек. 

Жұмыс  түрлерін  айқындау  үшін  оқытушының  жан-жақты  ізденуін, 

алдына  нақтылы  міндет  қоя  отырып,  әр  сабақтың  мақсатын  айқындап  алуын 

талап етеді және қазақ және өзбек тілдеріндегі тұрмыстық атауларды меңгерту 

барысында  мұғалімге  еркіндік  береді,  белгілі  бір  мақсатқа  орай  оқытушы 


92 

жұмыстың  түрлері  мен  талабын  оқушының  жеке  басының  қажеттілігіне  сай 

жетілдіріп не азайтып отырады. 

Тұрмыстық  лексиканы  оқытуда  дамыту  ұстанымы  негізге  алынады. 

Бұл  ұстаным  бойынша  студенттермен  жүргізілетін  жұмыстарға  әңгіме, 

пікірталас,  ойталқы,  ойбөліс,  әр  түрлі  іскерлік  ойындар,  диалогтар,  тренинг-

сабақтар, тапсырмалар мен жаттығулар, т.б. жатады. 

Әсіресе  «Қазақ  әшекейлерін  қолданудағы  мән-мағына»,  «Қазақ  және 

өзбек  халықтарының  тұрмыстық  салт-дәстүрлері»  т.б.  тақырыптардағы 

пікірталастар студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады. 

Жоғарыда  аталған  оқытудың  ұстанымдары  мен  педагогикалық  жалпы 

талаптар  тұтас  алғанда  қазақ  тілінің  жеке  дидактикасының  теориялық  негізін 

құрайды.  Мұнда  студенттер  қазақ  және  өзбек  тілдеріндегі  тұрмыстық  зат 

атауларының  салыстырмалы  түрде  тілдік  көрінісін  нақтылауға,  олардың 

семантикалық    құрылымын  анықтауға  мүмкіндік  алып  отыр.  Сол  арқылы 

студенттер  екі  халық  мәдениетінің,  ұлттық  сананың  ұқсастықтары  мен 

ерекшеліктерін көру арқылы тұрмыстық зат атауларынан толыққанды мағлұмат 

алуда.   

 

Әдебиеттер: 

1  Оразбаева  Ф.  Тілдік  қатынас:  теориясы  және  әдістемесі.  –Алматы: 

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтын білім академиясының Республикалық баспа 

кабинеті, 2000. – 208 б. 

2  Шанский  Н.М.  Лексикология  современного  русского  языка.  М.: 

Просвещение, 1972. 

3  Яковлева  В.Н.  Обогащение  словарного  запаса  учащихся  классов 

глагольной лексикой (на основе работы с лексико-семанитческими группами): 

Автореф.канд.дисс., -М., 1973. – 135 с. 

4  Анисимов  Б.  Из  опыта  преподавания  русского  языка  не  русским  // 

Сборник научных трудов. - М.: «Мысль», 1972. – 183 с. 

5 Кеңесбаев С.М. Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ 

мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге даярлаудың 

педагогикалық негіздері: Пед. ғыл. докт. дисс... -Түркістан, 2006, 312 б.  



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет