Сабақтастықты анықтау Бағалау критерийлері:  Қолдану



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата18.10.2023
өлшемі1,3 Mb.
#118047
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
татар, араб тілдерін
оқыды. Орта білім алғаннан
кейін қазақ балалары қалауы бойынша мешіттер жанындағы уездік қалаларда орналасқан
медреседе оқи алады.

Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп
мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3 – 4 жылға дейін жалғасты. Медресе шәкірттері
ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика,
медицина, тарих, тіл білімі және астрономия жөнінде білім негіздерін меңгерді.
ХІХ
ғасырдың екінші жартысында
патша үкіметі орыс мектептерін ашып, медресенің
жұмысын шектей бастады.

Орыстандыру саясаты қазақ халқының дәстүрін, тілі мен дінін жоюға бағытталды.
Қазақстанды өнеркәсіптік тұрғыдан игерудің басталуына байланысты сауатты да білімді
адамдарға деген сұраныс арта түсті.



Сондықтан да
1850 жылы
Орынборда
оқу мерзімі
жетіжылдық
жаңа үлгідегі мектеп
ашылды. Онда негізінен хатшылар мен аудармашылар даярланды,
орыс тарихы,
математика, география, геометрия
оқытылды. Осындай мектеп
1857 жылы
Омбыда
да
ашылды.

1861 жылы
Троицкіде,
басқа да қалаларда
орыс-қазақ мектептері
ашылды.
1867 –
1868 жылдардағы
әкімшілік реформалар енгізілгеннен кейін және қоныс аударушы
шаруалардың арта түсуіне байланысты зайырлы мектептердің қатары көбейді. Олардағы оқу
бағдарламаларын генерал-губернатордың өзі бақылап, Халық ағарту министрлігімен
келісілді. Қазақ балаларының орыс поселкелері мен казак станицалары жанындағы
мектептерде тегін немесе азын-аулақ ақы төлеп оқуға мүмкіндігі болды.

1883 жылы
Орынбор губерниясының
Ор қаласында
тұңғыш рет қазақтарға арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет