алғашқы жаңа әдісті
мектеп
1900 жылы
Түркістан
қаласында ашылды. Ондай
мектептер кейін басқа да қалаларда пайда болды. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдісті
мектептерде білім алып шыққандар болатын.
•
Алайда жаңа әдісті мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдісті мектептердің
ашылуына барынша қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің
ошақтары деп санады.
1917 жылы
Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдісті мектеп ашылды.
•
Түркістан өлкесінде
1905 жылы
83 орыс-қазақ мектебі
жұмыс істеді, онда 18 қазақ, 65 орыс мұғалім
сабақ берді. Қазақстанның ең білімді өңірі Дала генерал-губернаторлығы, ал Омбы-атақты Сібір кадет
корпусы орналасқан ірі оқыту орталығы болды.
•
Бірінші орыс революциясының ықпалымен қазақтардың ұлттық сана-сезімі біршама өсті. Болашақты
болжаған қазақтар балаларын Ресей мен шетелдердің орта және жоғары оқу орындарына оқуға
жіберді. Олар білім алуды құқығын қорғаудың кепілі деп білді. Қазақ жастары көпшілігінің заң
факультеттерін таңдауы осының айқын дәлелі.
•
ХІХ – ХХ ғасырлар
тоғысында Қазан қаласының өзінде ғана (императорлық Қазан университетінде,
Қазан малдәрігерлік институтында, Қазан мұғалімдер семинариясында) 100-ге жуық қазақ жасы
оқыды. Қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей,
Ыстамбұл және Варшава университеттерінде білім алды.
•
Мәселен, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін М. Шоқай мен А. Тұрлыбаев алтын
медальмен бітірді. Ал Ә. Бөкейхан Санкт-Петербург Орман институтын, С. Асфендиаров Санкт-
Петербург әскери медицина факультетін, А. Сейітов Томск университетінің медицина факультетін, Ж.
Досмұхамедов Тарту университетінің заң факультетін аяқтады. С. Жантөрин, Б. және Ә. Ниязовтар, С.
Нұралыханов және басқалар Санкт-Петербург, Қазан, Томск, Мәскеу университеттерінің заң
факультетінде оқып, жоғары білім алды. Басқа да көптеген қазақ студенті болды.
•
Қарқаралыда туып-өскен Дінмұхамед Сұлтанғазин өте сирек кездесетін талантты студент болды. Ол
Томск университетінің медицина факультетін, Санкт-Петербург университетінің шығыстану және заң
факультетін бітірді. Петербург медицина институтын Асфендиарова Гүлсім, кейін Асфендиарова
Мәриям тәмамдады.
|