мұғалімдер мектебі
ашылды. Ол мектептің ашылуына қазақ ағартушысы Ыбырай
Алтынсариннің қосқан үлесі орасан зор болды
•
Садуақас Шормановтың куәлігі бойынша
1887 жылы
Омбыда 30 бала және біреуі
Петербургте оқыған.
1885 жылдан
бастап өлкенің барлық уезінде ауылшаруашылық
мектептері ашылды. Олар қазақ даласында білім және қолөнер түрлерін дамытуға
бағытталды. Барлық жерде бірдей болыстық орыс мектебі де пайда бола бастады. Торғай,
Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мектептер
ашылды.
1892
жылдан
бастап қазақ балалары үшін көшпелі ауыл мектептері
ұйымдастырылды.
•
Қазақстандағы орыс тілді халықтың арасында сауатсыздықтың пайызы жоғары еді.
Мұны
1897 жылғы
халық санағы айқын көрсетті. Тұрғындардың
8,1%-ы
ғана хат таныды.
Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып
сауат ашқан дала қазақтарының саны көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты
екені халық санағын өткізу кезінде есепке алынбады.
•
ХІХ ғасырда
ауылшаруашылық
және
фельдшерлік мектептері
ашыла бастады. Олар
орта білімді дәрігер мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары
оқу орны ашылған жоқ.
•
ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың
бас кезінде Омбы оқу орындарында қазақ халқының
көрнекті өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Ахмет
Байтұрсынұлы, Айдархан Тұрлыбаев, Отыншы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Сейілбек
Жанайдаров, ағайынды Асылбек, Мұратбек пен Мұсылманбек Сейітовтер, Мағжан
Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Қошке Кемеңгеров, Смағұл Сәдуақасов, Бірмұхамед
Айбасұлы, Әміре Исин, Мұқан Әйтпенов, Нығмет Нұрмақов сияқты азаматтар оқыды.
•
Олардың бәрі де халық ағарту ісіне, Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демократиялық қозғалысқа,
сондай-ақ туып-өскен өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеуге лайықты үлес қосты. Басым
көпшілігі кейінірек, Кеңес өкіметі кезінде саяси қуғын-сүргінге ұшырап, атылып кетті.
•
Патша үкіметі
Достарыңызбен бөлісу: |