психологиялық талдау;
әдістемелік талдау;
гигиеналық талдау.
Сабақ талдауының педагогикалық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады :
осы сабақтың басқа сабақтардың жүйесіндегі орны;
сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
сабақты ұйымдастыру;
сабақ мазмұны;
сабақ өткізу әдістері;
сабақ үстіндегі байланыс;
оқушылардың сабақта жұмыс істеуі және тәртіптері.
Сабақ талдауының психологиялық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады: оқушылардың назарын басқару;
Мнемоникалық ерекшеліктерді дамытуды басқару;
ойлауды дамыту және жүзеге асыру заңдылығын есепке алу.
Сабақ талдауының әдістеме аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады: сабақтың негізгі білім беру мақсаты;
сабақтың әдістеме қисыны;
әр түрлі білім беру тәсілдерін қолдану;
әр түрлі әдістеме жолдарын қолдану;
білім беруді ұйымдастыру формаларының әр түрлерін қолдану.
Сабақ талдауының гигиеналық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады: сынып оқушыларының мінездемесі;
оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау;
оқушылардың шаршауын және қажуын алдын-алу;
кәсіби қызметте мұғалім өзін-өзі басқару жолдарын қолдануы
Сабақты талдау мақсаттары: Білім беру сапасын, оқушылардың білім, біліктік және дағды сапасын бақылау.
Оқу-тәрбие үрдісінің жағдайын бақылау.
Педагогтарға нұсқау өткізу.
Жоғарғы педагогикалық шеберлікті меңгеруге көмек көрсету.
Мұғалімнің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себебін анықтау, жұмыста кемшіліктерді жеңу.
Мұғалімнің жұмыс жүйесін анықтау.
Сабаққа қатысу жүйесі: Осы сыныпта белгілеген тақырып бойынша бүкіл сабақтарға қатысу.
Бір күн ішінде осы мұғалімнің әр түрлі сыныптарда өтетін сабақтарына қатысу.
Бір күн ішінде бір белгіленген сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің сабақтарына қатысу.
Бір апта ішінде бір белгіленген сыныптың сабақтарына қатысу.
Әр түрлі мұғалімдердің сабақтарына қатысу.