Сабақтың атауы Еңбек қауіпсіздігін ережесін сақтау. Еңбек мәдениет ережесі Мақсаты



бет10/62
Дата05.04.2022
өлшемі2,07 Mb.
#29922
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Қызығушылықты ояту

Еңбекке баулу пәнінен жинақталған сұрақтарға жауап беру.
Өнер тобы
1. Көктікен гүлін дайындау реті.
2. Қағаз қандай материал?
3. Құрақ дегеніміз не?
4. Тамбурлы тігістің Отаны қай мемлекеттер?
5. Бөлшектерді біріктірудің неше тәсілі бар?
6. Құрамақтарды неден құрастыруға болады?
7. Мозаика дегеніміз не?
Талант тобы
1. Тігіс түрлерін ата?
2. Симметрия дегеніміз не?
3. Шидің пайдалануға дейінгі тазалығы
4. Әшекейлі бет орамалдарды ата?
5. Емен ағашы неше жылдай өседі?
6. Электр тізбегінің шартты белгілерін ата?
7. Киіз үй бөліктерін ата?

Оқушылар бүгін біз дәндерден бұйым жасауды үйренеміз. Дәнді – дақылдардан әдемі бұйымдар жасауға болады. Дәндерден бұйым жасамас бұрын олардың құрамы мен емдік қасиеттеріне тоқталып өтейік.

Қауын тұқымы
Емдік қасиеті. Тәтті, дәмді, суық райлы, іркілген қанды таратады, өкпені тазалайды, ішекті дымқылдандырады. Ауыздың сасуына: қауын тұқымынан қажет мөлшерде алып талқандап, таңертең ашқарынға ауызды ысады немесе балмен араластырып дәрі жасап тіске басса да болады. Бел, аяқ қақсап ауырғанда: 120гр. қауын тұқымын талқандап 10 күн араққа шылап, бір ішкенде 10мл-ден үш күн ашқарынға ішеді. Ішекке ас тоқтап тынышсыздануға 6-15гр. Қауын тұқымын талқандап сумен ішеді. Қауын тұқымы 10гр. , аю балдырған 30гр, жылан қабығын бір дана талқандап, әр ретте 12гр, тамақ алдында ішеді. Соқыр ішек қабынуға: басқа дәрілерді қауын тұқымын қосып ішкізсе, соқыр ішектің қабынуының алдын алады.

Асқабақ. Асқабақ пен дәрмене (жусан түрі) ұрығының ұнтағынан бір-бір ас қасық алып, сол ұнтақты жарты килограмм қара мейізге қосып темір келіде жаншып, осының бас бармақтайын күніне 4 рет глимастасы бар балаға жегізсе, бір күннің ішінде іштегі құртты айдап шығарады.


Асқабақты сүтке қайнатып ас орнына жиі ішсе - бауыр, көкбауыр, қант диабеті ауруларына өте жақсы ем. Ал асқабақ сабағын суға қайнатып ішсе, несепті жүргізеді, бүйрек пен жүректің ісініп ауырғанын қайтарады.

Сөкті — тарыны ақтап, қауызынан тазартып алады. Тазаланған сөк — арнайы өңделген тары дәні — жоғары, бірінші және екінші сортқа бөлінеді. Кейбір сөктің ашқылтым дәмі болады. Оны кетіру үшін тарыны қайнаған суға әбден жуады.


Қарақұмық жармасын буланған немесе буланбаған қарақұмық дәнінен алады. Құрамында сіңімді белоктар, крахмал мол болады. Қарақұмық жармасының белоктары басқа қосылыстармен алмастыруға болмайтын амин қышқылдарына бай. Өндеу тәсілдері мен дон сапасына қарай қарақұмық жармасы ұнтақталмаған тұтас жарма және тез пісетін жарма болып бөлінеді. Ұнтақталған қарақұмық дәні тез піседі. Сұрыпталған жарманы бірінші және екінші сортқа бөледі. Ал ұнтақ жарма сортқа бөлінбейді. Жармадан қоймалжың ботқа әзірлейді, ал сұрыпталмаған жарманы дербес тағам түріндегі кебіртек ботқа, сонымен бірге гарнирге, турамаға пайдаланады.

Асбұршақ. Асбұршақ бағалы, жоғары ақуызды дәнді бұршақ дақылы болып табылады. Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарына орта есеппен 24-27% ақуыз, 50%-ден астам көмірсулары (негізінен крахмал), айтарлықтай мөлшерде май , күлдік заттар мен дәрумендер (А, В, С ж.б.) болады. Тұқымдары жоғары қоректілігімен және жақсы дәмдік санасымен ерекшеленеді, әр түрлі тағамдар дайындауға бүтін және үгітілген тұқымдар кеңінен қолданылады, консервіленген түрде де пайдалануға болады. Асбұршақтан әр түрлі мал азықтық өнімдер ден (дара азық, шөп ұны, пішен, пішендеме, т.б.) өндіріледі.

IV. Дәнді – дақылдарды жұмысқа дайындау реті.
• Қауын дәнін алдын – ала жуып, күнге кептіріп алады;
• Асқабақ дәнін әбден сүртіп, кептіріп аламыз;
• Таңдалған дәндерді суретке байланыстыра отырып эскиз дайындаймыз;
• Дәндеріміз жылтыр, әрі әдемі көрінуі үшін түссіз лак ерітіндісімен бояу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет