Сабақтың атауы Еңбек қауіпсіздігін ережесін сақтау. Еңбек мәдениет ережесі Мақсаты



бет8/62
Дата05.04.2022
өлшемі2,07 Mb.
#29922
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
Байланысты:
ЕНБЕККЕ БАУЛЫ ҚМЖ 3-сынып Атамура

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

- Сендер осындай ойыншықтар жасағыларың келе ме?


- Олай болса, бүгін қоянның бейнесін жасаймыз.
Қоянның ерекшеліктеріне назар аудару.
- Қоян қандай аң?
- Қоянның құлақтары қандай?
- Неше аяғы бар?
- Алдынғы аяқтары қандай?
- Артқы аяқтары ше?
- Құйрығы қандай?
- Құлақтары мен аяқтары қандай пішінге ұқсайды?
- Сопақты қандай геом. пішінен қиып алуға болады?
Тік төртбұрыштың бұрыштарын қиып алсақ сопақша пішінді болып шығады. Қағазды екіге бүктеп қиямыз.
Сонда екі құлақ, екі аяқтан шығады. Құйрығын мақтадан немесе қағазды умаждап жапсырамыз. Тұмсығын және мұртын фломастермен салуға болады немесе қара қағаздан жіңішке жолақтар қиып алуға болады.
- Балалар, қайшыны мұқият пайдаланамыз.
Қайшыны қалай ұстаймыз?(Қайшыны ықпайлап қағазды қиғанда соның ыңғайына салып қозғау керек)
(Балаларды үстел басына отырғызу.)
- Балалар, қоян нені жақсы көреді?
Олай болса, қоянға сәбіз салатын дайындап берейік.
Саусақ ойыны: «Сәбіз салаты»
Сәбізді алып тазалаймыз
Үккішпен үгіп майдалаймыз
Қант сеуіп дәмдейміз
Қаймақ құйып сәндейміз
Міне, дайын нәр тағам -
Дәруменге байыған.
Жұмысты неден бастаймыз, ең алдымен негізгі бөліктерін қиып даярлаймыз. Содан соң жабыстыру жұмысын жүргіземіз. Балалар, сызбаға қарап қоянның бейнесін жасаймыз.
Жұмыс орындарыңды таза ұстап және ұқыпты жұмыс жасаңдар.
Жеке жұмыс жасайды. Сол кезде көмек көрсету.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.   (Қауын-қарбыз)
 
Темір аяқты,
Ағаш таяқты.  (Циркуль мен қарындаш)
 
От ішінде  – үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі,
Ілгегінде ілгені.   (Мосы мен шәугім)
 
Торы тай,
Табанында төрт ай.    (Таға)

Қауын, қарбыз дей алмайсың,


Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.      (Асқабақ)  
Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.    (Қамшы)
 

Үйге тапсырма

Жұмбақтардың жауабын табу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет