Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Дорба — құрғақ тамақ немесе әр түрлі ұсақ-түйек заттар салуға арналған кішігірім қапшық. Дорбаны матадан не жүн жіптен тоқып жасайды. Матадан тігілген дорбаның аузы бүгіліп, бау өткізіледі. Ішіндегі зат төгіліп қалмауы, сырттан шаң-тозаң енбеуі үшін дорбаның аузын бүріп, бауымен байлап қояды. Дорба жолға шыққанда алып жүруге де, үйде іліп қоюға да қолайлы.
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Мақсаты: Балалардың танымдық көз қарасын қалыптастыру. Көзбен көре отырып заттардың айырмашылығы мен кемшіліктерін таба білуге үйрету. Ойлау, есте ұзақ сақтау қабілеттерін арттыру. осындай қабілеттерді меңгеруін үйрете отырып сөйлей білуге үйрету. сұрақ қою арқылы тілдерін жаттықтыру. Қысқа әрі жеңіл сөздерді (сөздік) пайдалана отырып сөздік қорларын толықтыру және қалыптастыру.
Көрнекіліктері: қуыршақ, топқа киетін аяқ киімдерінің қиылған суреттері (әр баланың) кішкентай аяқ киім үлгісі (қуыршақтың). Аю, қоян, мысық, күшік, әтеш, сылдырмақ ойыншықтары