Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
а) білімділік: Оқушыларға құрмалас сөйлем туралы алғашқы мағлұмат беру. Құрмалас сөйлемнің екі жай сөйлемнен құралатынын аңғартып, мысалдар арқылы айтылуындағы айырмашылықтарына көз жеткізу.
ә) дамытушылық: жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасау
және құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.
б) тәрбиелік: адамгершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, тірек - сызба, интерактивті тақта
Мақсаты Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
«Жүректен - жүрекке» шеңбері – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Топқа тапсырма
Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау, байланысын сызбамен көрсету. Біз хат жаздық.
ә) Сұрақтар: 1. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
2. Жайылма сөйлем дегеніміз не?
б) «Ұстазды атаңдай сыйла» мақалының мағынасын түсіндір.
Жай сөйлем
Күн ұзарды. Түн қысқарды.
Қыс түсті. Төңіректі түгел қар басты.
Құрмалас сөйлем
Күн ұзарды да, түн қысқарды.
Қыс түсті де, төңіректі түгел қар басты.
Дидактикалық ойын: «Сипаттап атын айт»
Сергіту сәті
Өлеңді оқып, құрмалас сөйлемдерді табу. Әр құрмалас сөйлемде
неше жай сөйлем бар екенін айт. Құрмалас сөйлемді жай сөйлемге
айналдыр.
Мұзайдында
Айналам - айдын сырғанақ,
Мен келем зу - зу сырғанап.
Әжемше көктен сығалап,
Күнім де маған тұр қарап.
Жаңа сабақ
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс
1,2,3-жаттығулар топтарда орындалады.
4-жаттығу жеке жұмыс