Табиғаттағы және техникадағы күштер туралы плакаттағы суреттер арқылы Ньютонның бірінші,екінші,үшінші заңының ерекшеліктері атап көрсету. Постермен жұмыс жасайды.
Салған постерлерін аралап,өз ойларын қосады.
Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей. 1. 90 Н күш денеге 1,2 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 3 м/с2 үдеу бере алады? 2. Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде, ол қандай үдеу алады? 3. Массасы 5 кг дене 15 м/с2 үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әсер етуі керек? ІІ деңгей. 200 Н күш әсерінен дене координатасы х=50+4t+t2 заңымен өзгеретіндей болып, түзусызықты қозғалады. Дененің массасы қандай?
Массасы 2 кг денеге бір түзудің бойымен екі күш әсер етеді: 8 Н және 6 Н. Олардың арасындағы бұрыш: а)00; ә) 1800 болғанда, осы дененің үдеуін анықтаңдар.
ІІІ деңгей Егер екі адам 120 Н күшпен екі жаққа керіп тартса, 150 Н кері күшке шыдайтын арқан үзіле ме?
Таразы басын сумен жартылай толтырылған стақан теңгеріп тұр. Егер стақандағы суға қарындашты салып, оны стақанға тигізбей қолмен ұстап тұрса, таразының бұзыла ма?