Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Жалпы мақсаты


Талдау - Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтату



бет60/172
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#126753
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   172
Байланысты:
Ñàáà?òû? àòû ?îç?àëûñ ìàòåðèÿíû? àæûðàìàñ á?ë³ã³ Æàëïû ìà?ñàòû

Талдау -
Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтату.

Өмірде өтіп жатқан процестердегі тербелістің мағынасын тереңірек ұғындыру мақсатында берілген материал бойынша топтарға рессурстар үлестіріліп беріледі және қосымша мәліметті ғаламтор желісінен алу тапсырылады





І – топ «Жылқы үстіндегі адам»
Жылқы қазақ халқы үшін ең қастерлі үй жануары, әрі жеті қазынаның бірі, мінсең көлік, жесең еті тамақ, ішсең қымызы сусын, әрі ем бола алады. Ерте заманнан қазақ ата-бабаларымыз ат үстінде көп жүретін болған. Аттың жүрісінің өзі тербелмелі қозғалысқа мысал бола алады, себебі ат үстінде отырған адамның белі, иығы, басы, яғни барлық дерлік буындары әрдайым қозғалыста болады. Мұның өзі білген адамға күнделікті денеге жасаған жатығуымен пара-пар. Үлкен жиын тойларда, мерекелік концерттерде биленіп жүрген «Қара жорға» биі - «Жылқы» биі немесе «Буын» биі депте аталады. Бұл биді билеген кезде адамның 12 мүшесіндегі бүкіл сүйек қимылдайды. «Қара жорға» өзінің бастауын ХІІ ғасырда алған дейді тарихта. Ал біздің елімізге бұл биді тәуелсіздік орнаған соң 1996 жылы Германиядан қоныс аударған Арыстан Шадетұлы ағамыз алып келген болатын. Бидің ырғағынан жорғаның, қыран бүркіттің, жан-жануардың қозғалысын көрсек, сонымен қатар қазақи рух, елге деген сағыныш пен сүйіспеншілікті байқауға болады. Бидің қимылынан жорға үстінде отырған адамның басының шайқалғаны, иығының қозғалғаны, яғни дене қимылын көруге болады. Сонымен қатар соңғы кездердегі медицина ғылымының зерттеулері бойынша мүгедек адамдар үшін таптырмайтын массаж түрінде осы жылқы малына отыру арқылы алуға болады екен.
ІІ – топ «Бесік тербетке ана»
Бесік-қазақ қауымы үшін көшпелі ғұмыр кешкен бабалардан қалған аса қастерлі де қасиетті мұра, мүлік. Бесікті орта Азия мен Кавказ, Үндістан мен Қытай жерлерін мекендеген халықтардың басым көпшілігі пайдаланған. Бесік жеңіл ағаштан жасалғандықтан көшпелі тұрмысқа бейімділігі сонша, бесікті атқа мінген кезде еш қиналмай анасы алдына өңгеріп алып кете берген.

  1. Гигиеналық тазалық – бесікке бөленген бала таза жатады. Үстіне дәреті кетпейді де құрғақ болғандықтан ұйқысы, мазасыдұрыс болады.

  2. Физикалық деформация – бесікте таңулы жатқан баланың аяқ-қолы, денесі дұрыс өседі.

  3. Жылуөткізгіштік – бесікте жатқан бала жылы жатқандықтан салқын кездері тоңбайды, суық тимейді және түрлі аурулардан аулақ болады.

  4. Тербелмелі қозғалыс - бесіктің ырғақты тербелісі баланың жайлы ұйықтауына, демалуына, психикасының дұрыс дамып жетілуіне оң әсерін тигізеді.

  5. Тәлім-тәрбие – бесік тербетіп отырған әжесі мен анасы нәрестемен сөйлесіп отырады, әлдиге бесік жырын айтады. Кішкене кезінен ана әлдиін естіп, ана мейіріміне бөленіп өскен бала кейін өз отбасына, еліне қамқор бола алады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет