Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Жалпы мақсаты


§46. Астрономиядағы қашықтықты анықтаудың тәсілдері



бет103/172
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#126753
түріСабақ
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   172
Байланысты:
Ñàáà?òû? àòû ?îç?àëûñ ìàòåðèÿíû? àæûðàìàñ á?ë³ã³ Æàëïû ìà?ñàòû


§46. Астрономиядағы қашықтықты анықтаудың тәсілдері


Бағалау парақшасын толтырады


Сабақ 42
Бақылау жұмысы №3.
Мақсаты:

  1. Оқушылардың «Тербелістер және толқындар» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бақылау жұмысын орындау.


І нұсқа.



  1. Эхолоттың көмегімен балықтың үйірін көргеннен кейін және қайта қабылданған дыбыс сигналының арасы 0,7 секунд болды. Егер судағы дыбыс жылдамдығы 1400 м/с болса, эхолот пен балық үйірінің арасы қанша?

  2. Ұзындығы 1 м математикалық маятник жиілігі 0,5 Гц жиілікпен тербеледі. Бақылау орнындағы еркін түсу үдеуі неге тең?

  3. Серіппеге ілінген жүк 32 с ішінде 40 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығы 300 Н/м. Жүктің массасын анықтаңдар.

  4. Күн күркіреуі кезінде бірінші найзағай жарқылын көруге, содан кейін

ғана оның дыбысын естуге болатынын қалай түсіндіріледі?


ІІ нұсқа.

  1. Математикалық маятниктің тербелісінің периоды 3 с болса, оның ұзындығы қандай болғаны?

  2. Мұхитта толқын ұзындығы 300 м-ге, ал периоды 15 с болады. Осындай толқынның таралу жылдамдығын анықтаңдар.

  3. Ұзындықтары 1 м және 4 м математикалық маятниктердің жиілігін анықтап, салыстырыңдар.

  4. Су астындағы дыбысты адамның естімейтіндігін қалай түсіндіруге

болады?


ІІІ нұсқа.

  1. Толқын серпінді ортада 100 м/с жылдамдықпен таралады. Фазалары қарама-қарсы жатқан екі нүктенің ара қашықтығы 1 м болса, тербеліс жиілігі қандай болғаны?

  2. Ультрадыбыстың сұйықтағы жылдамдығы 1200 м/с. Ультрадыбыс толқынының төменгі және жоғарғы шектерінің ұзындықтарын есептеңдер.

  3. Математикалық маятниктің ұзындығы 0,9973 м, ал периоды 2 с болса, онда еркін түсу үдеуі неге тең?

  4. Не себепті камертонды ағаш жәшікке орнатады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет