Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Жалпы мақсаты



бет105/172
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#126753
түріСабақ
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   172
Байланысты:
Ñàáà?òû? àòû ?îç?àëûñ ìàòåðèÿíû? àæûðàìàñ á?ë³ã³ Æàëïû ìà?ñàòû

Үй тапсырмасын пысықтау



. «Сұрақты ұтып ал» әдісімен қайталау.


І ТОП
Интерференция қандай құбылыс?
Интерференцияның шарттары
Салыстырмалы теориясының постулаттары.

ІІ ТОП
Дифракция деген не?
Дифракция құбылысы қай кезде байқалады?
Дененің жылдамдығын арттырғанда оның массасы қандай формулаға сәйкес артады?

ІІІ ТОП
Геометриялық және толқындық оптика заңдары
Дененің релятивтік импульсінің формуласы.

ІV ТОП
Жарықтың шағылу заңы
Динамиканың негізгі заңы.

V ТОП
Жарықтың сыну заңы
Эйнштейн формуласы.

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

Денелердің жарқырауы, яғни денелердің электромагниттік толқындар шығаруы әртүрлі энергия түрлері арқылы орындалуы мүмкін. Егер электромагниттік толқындар тек қана ішкі энергия арқылы шығарылатын болса, оны жылулық сәуле шығарудеп атайды. Жарқыраудың қалған түрлерінің барлығы ішкі энергиядан басқа кез келген энергия түрлерімен қоздырылса, оларды люминесценция деп атайтыны белгілі. Жылулық сәуле шығару тепе-теңдік процеске, ал қалған сәуле шығарудың түрлері тепе-теңдік емес процестерге жатады. Тепе-теңдік күйлер мен процестерге термодинамика заңдарын қолдануға болады Температурасы абсолют нөлден жоғары кез-келген дене (қатты дене, сұйық) дене энергия бөледі. Қызған денелер де жарық шығарады. Кызған денелердің сәулеленуі (жарық шығаруы) белгілі жағдайда тепе-теңдік күйге түседі. Себебі шығарылған энергия жұтылуы мүмкін. Мысалы, қабырғалары айна бетіндей жалтыраған қуыс ыдыс алайық. Оның кабырғалары жылу өткізбейді делік. Осы ыдыстың ішінде температуралары әр түрлі екі дене болсын. Температурасы жоғары дене жылу шығарады да, оны температурасы төмен дене жұтады. Сөйтіп,аздан кейін олардың температуралары бірдей болады, яғни екі дене жылулық тепе-тендік күйге түседі. Бұл күй динамикалық сипатқа ие болуы мүмкін.
Электромагниттік сәулелердің шығару және жұту процестері мына шамалармен сипатталады:
1)дененің сәуле шығарғыштық қабілеті (Е) деп бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде шығарылатын сәулелік энергия мөлшерін айтамыз, ол Дж/(с* м2) өлшенеді;
2)дененің сәуле жұтқыштық (А) қабілеті деп дененің жұтқан энергиясының оған берілген энергиясына қатынасын айтамыз. Егер дене өзіне түскен кез келген температурадағы және кез келген ұзындықтағы жарықты түгел жұтатын болса, ондай денені абсолют қара дене деп атайды. Абсолют қара дене үшін А = 1 болады.
Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп атайды.
Жылулық сәулелердің барлық түрлері электромагниттік толқынға жатады.
Денелер жылулық сәулелерді шығарумен қатар жұтады.
Тәжірибе:
Өзіне келген әр түрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды.
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет