Физика
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Сабақ 10
|
Сабақтың аты
|
§ 10 Ньютонның І заңы
|
Жалпы мақсаты
|
Ньютонның І заңы жайлы мағлұмат беру
Оқушыларға сыни ойлауға үйрететін апсырмалар арқылы Ньютонның І заңы мен инерциялық санақ жүйесін түсінуге жағдай жасау.
|
Күтілетін нәтиже
|
Ньютонның І заңы жайлы мағлұмат алады
Ньютонның І заңын тұжырымдайды. Оған өмірден мысал келтіре алады. Инерциялық және инерциялық емес санақ жүйелерінің ерекшелігін түсінеді
|
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау парақшасымен таныстыру
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
|
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Үй тапсырмасын пысықтау
|
Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:
1. Орташа жылдамдық дегеніміз не?
2.Лездікжылдамдықдегенімізне? 3. Орташа жылдамдық пен лездік жылдамдық арасындағы ұқсастық пен айырмашылық неде?
4. Үйге берілген есептерді тексеру.
|
Оқушылар ауызша орындайды
|
Жаңа сабақ
|
Джигсо
Динамика
Ньютонның І заңы
Инерциялық санақ жүйесі
Инерциялық емес санақ жүйесі
Постер қорғау
«Ньютонның заңдары өмірде»
Берілетін ұғымдар: санақ денесі, санақ жүйесі, Ньютонның бірінші заңы.
Қозғалмайтын деп қабылданған дене – санақ денесі деп аталады.
Санақ денесі, онымен байланысқан координат жүйесі мен синхрондалған сағаттар жиынтығы санақ жүйесі деп аталады.
Ньютонның бірінші заңы: егер денеге басқа денелер әсер етпесе, онда бұл дене түзусызықты және бірқалыпты қозғалады; оның жылдамдығы модулі бойынша да, бағыты бойынша да өзгермейді.
Инерция заңы орындалатын санақ жүйелері бар.Мұндай жүйелерді инерциялық санақ жүйелері деп аталады.
Әдіс арқылы оқушылар өз бетімен жаңа тақырыппен танысады, топта талқылайды, бір-біріне түсіндіру арқылы жаңа сабақты меңгереді.
Берілген тақырып бойынша топта ақылдаса отырып, постер дайындалып, қорғалады. Топтар өзара бағаланады.
Берілетін сұрақтар бойынша жұмыс
Қандай санақ жүйесі инерциалық деп аталады?
Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?
Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
Қандай санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйесіне жатады?
|
Сергіту сәті
|
Сергіту сәті
|
Ой толғаныс
|
. Есептер шығару.
№115. Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірілуі тұрғанда бір қалыпты қозғалыс жасай ала ма?(автомобиль жолдың горизонталь бөлігімен бірқалыпты қозғала алмайды, себебі оған басқа денелердің әсері теңгерілмейді. Автомобильге Жер (төмен қарай тартады), жол жабындысы (серпімді түрде жоғары итереді және горизонтальды қозғалысқа үйкеліспен кедергі жасайды), ауа (қозғалысқа әсер етеді). Жердің тартуы және жолдың серпімді реакциясы вертикаль бойымен әсер ететін өзара теңгеріледі, горизонталь әсер ететін жол және ауа кедергісі теңгерілмейді.
№116. Итеру кезінде вагонға мыналар әсер етеді: бірін-бірі теңгеретін вертикаль бағыт бойынша Жердің тартылуы және рельс серпімді реакциясы, ал тепловоздың тартуы және рельске және ауаға үйкелуі горизонталь бағыт бойынша. Егер тепловоздың тартуы үйкелістен артып кетсе, вагонға әсер теңгерілмейді және ол үдеу бойынша қозғалады. Вагон кемімелі қозғалады.
Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Ньютонның І заңына мысал келтір?
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
Ньютонның І заңы дегеніміз не?
Санақ жүйесі мен денесі дегеніміз не?
Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірілуі тұрғанда бір қалыпты қозғалыс жасай ала ма?
Вагон ішіндегі адамды екі санақ жүйесінде салыстыр?
Ньютонның І заңына күнделікті өмірмен байланыстыра мысал келтір?
Дененің орын ауыстыруында Ньютонның І заңының маңыздылығы қаншама
|
|