Сабақтың басты кезеңдері аяқталған ба? Оқушылардың сабаққа дайындығы қалай? Мұғалім оқушылар мен жұмыс істей алды ма?



бет5/7
Дата25.11.2023
өлшемі105 Kb.
#127894
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Шығармашылық жұмыс

  • Үйге тапсырма

    «Математика 2 сынып» №3 жаттығу.

    1. Қоытындылау.

    М.3-жаттығудың, 1,3,4-бағандары бойынша ауызша сұрау

    1. Бағалау

    Сабақ аяқталды. Сау болыныздар.


    Сабақты талдау

    Математикадан өткізілген сабақты талдау кезінде мына үлгі жоспарды басшылыққа алуды ұсынамыз:



    1. Сабақ жайындағы жалпы мағлұматтар. Сабақтың типі мен қырылымы. Тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар жүйесіндегі оның орны.

    2. Сабақтың басталуы. Оқушылардың сабаққа даярлығы. Оқушыларды оқу ісіне тартуда мұғалімнің қолданған тәсілдері. Жалпы сыныппен, жеке оқушымен жұмыс.

    3. Сабақ жабдығы. Көрнектіліктің тақырыпқа және талапқа сай болуы. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнының тиімді ұйымдастырылуы.

    4. Сабақ мақсаты. Әзірлену, білім беру, жан-жақты дамыту және тәрбиелеу, оқыту міндеттері қалай шешіледі?

    5. Сабақтың мазмұны. Сабақтың материалды негізгі мақсат пен білім түрде қалыптастыру үшін қандай жұмыс жүргізіледі? Ауызша есептеуге арналған тапсырмалар шапшаң, әрі тиянақты есептей білу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізді ме? Теориялық материалды жетік білуінің есептеу дағдысын қалыптастыруға әсері қандай?

    Әр сабақ сайын өткенді қайталауға, жаңа материалды енгізуге, дайындық жұмысына арнайы ауызша жаттығулар орындауға 5-7минут уақыт бөліне ме? Сабақтың тақырыбын аша түсетін мысалдар мен есептердің жүйесі оқытудың өмірімен байланысы қандай?Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың түрлері, олардың мазмұны математикалық терминдері қолдану реті, теория мен практиканың бірлігі сабақтың мақсаты реті, теория мен практиканың бірлігі сабақтың мақсаты мен міндеттері сәйкес пе? Жаңа материалды түсіндіруде, пысықтауда және қайталауды оқулықтығы мысалдар мен есептер тиімді пайдаланыла ма? Есептер шығару барысындағы жұмыс қандай деңгейде? Оқушылар есеп мазмұнын малдай ала ма? Есепті қықсаша жазу үшін тірек сөздерді анықтай ала ма? Сабақ үстінде ұйымдастыру және өткізу әдістері, оқушылардың сабақтағы мінез-құлқы жайындағы пікіріңіз қандай?
    6.Сабақытң әдістемелік қорлары. Оқу материалын ірітем алудың негізі, қолданылатын әдістердің жаңалығы, сабақтың мазмұны мен типіне, оқушылардың жас ерекшіліктеріне оның сәйкес келуі, сабақтың барлық кезендерінде оның сәйкес келуі, сабақтың барлық кезендерінде оқушылардың қызметін жандандыру әдістері мен тәсілдері, оқушылардың білімдерін тексеру және бағалау әдістері мен сапасы, үйге тапсырма беру және тексеру әдістемесі, оның көлемі мен мазмұны. Мұғалім әр оқушының үй тапсырмасын өздігінен орындай алатынына сенімді ме? Көрнекіліктерді шебер, орынды пайдаланады ма?Сабақ үстінде шығарылған есептер оқушыларды қызықтырып қана қоймай, олардың білім жәрежесі деңгейін көтеруге жәрдемі тиеді ме?
    7.Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі, мәдениеті, ұқыптылығы, педагогикалық әдебі.
    8.Сабақ жоспарының орындалуы. Мақсатқа қол жетуі.
    9.Қорытындылар мен ұсыныстар.
    Математика сабағындағы ең бастысы – оның математикалық мазмұны мен әдістемелік мәне.
    Ендеше, сабақ үстіндегі барлық қызмет осы екі нәрсені қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет