4 дәріс. ХХ ғ. қоғамдық ғылымдар.
Сабақтың жоспары:
1.П.Сорокиннің социологиялық теориясы
2.Социологиядағы құрылымдық функционализм (Т.Парсонс,Р.Мертон)
П.А.Сорокин(1922)- тегі орыс американдық социолог. Эмиграциядан кейін батыс социологиясында көрнекті орынға ие болды. П. Сорокин АҚШ-та үстемдік еткен эмпиризмдік тенденцияны сынап, кең түрде танылған мәдениеттің жалпы социологиялық жақтарын қамтитын “интегралды социология” туралы ілімді дамытты. Мәдени өзгеріс теориясын ұсына отырып, П.Сорокин диалектиканың көмегімен әлеуметтік-мәдени өзгерістердің дұрыс қайталанып тұру тәртібін түсіндіруге тырысып, оның негізін іздеді.
П.Сорокин 1927 ж. ғылымға “әлеуметтік мобильділік” ұғымын енгізді. Ол әлеуметтік мобильділікті жеке адамның, бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуі емес, әрбір әлеуметтік жағдайдың өзгеруі деп түсіндіреді. П.Сорокиннің түсіндіруі бойынша, әлеуметтік мобильділік 2 бағытта жүзеге асады: а) тікелей-жоғарғы, төмен өзгеру; б) көлденеңінен-бір дәрежедегі өзгерістер. П.С. негізгі еңбектері: “Революция социологиясы”. “Әлеуметтік мобильділік”, “Қазіргі социологиялық теориялар”, “Адам, Цивилизация, Қоғам”, “Социология жүйесі ”т.б П.Сорокин “Социология жүйесі” еңбегінде өзара әрекетті әлеуметтік құбылыстың қарапайым моделі ретінде қарастырды. “Әлеуметтік мобильділік” еңбегінде ол стратификация және мобильділік мәселелерін қарастырды. Әлеуметтік мобильділік дегеніміз тек қана индивидтер мен топтпрдың әлеуметтік орын ауыстырулары емес, адамзат іс-әрекетінің процесінде қалыптасқан әлеуметтік объектілерді қамтиды. Әлеуметтік жіктеу теориясын дамыта отырып Сорокин оның экономикалық, саяси және кәсіби түрлеріне терең зерттеу жүргізген.
П.Сорокин өзінің 4-томдық “Әлеуметтік және мәдени диалектика” атты еңбегінде өзінің ғылыми еңбектеріндегі көзқарастарын бір жүйеге келтіреді. Адамдар әлеуметтік өзара қатынастар жүйесіне мына факторлардың нәтижесінде түседі: санасыздық,(рефлекстер), биологиялық саналылық(аштық, шөл) және әлеуметтік саналық(мән, ғұрып, құндылықтар)
Р.Мертон-(1912 ж)-американ социологы, функционалдық талдаудың теориялық негізін қалыптастырған ғалым. Р.Мертон негізгі еңбектері:” Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым”, “Функционалдық талдаудың парадигмалары”, “Социологиядағы құрылымдық талдау”. Ол “Орта деңгейлі” теорияны қалыптастырып енгізу керек деген өте маңызды ғылыми ұсыныс жасады. Оның айтуынша мұндай теория арнайы теориялар аралығында орналаса отырып, әлеуметтік әдет-ғұрыптардың , әлеуметтік ұйымдар мен әлеуметтік өзгерістердің түрлерін түсіндіруге бағытталады. Бұл теорияның негізінде функционалдық жатыр. Р.М. функционалдық талдаудың 3 жолын көрсетті:
функционалдық бірліктің қағидасы-қоғамды теориялық тұрғыдан қарастырудың бірлігі әлеуметтік деректердің тереңдігінде. 2. Функционалдықтың жан-жақтылық қағидасы-мәдениеттің барлық түрлері өзіндік функционалдық қасиеттерге ие болады. Р.Мертонның айтуы бойынша оларды аналитикалық тұрғыдан талдау қажет. 3. “мәжбүрлік қағидасы”-функциялардың мәжбүрлілікке ие болмай қоймайтындығын көрсетеді.
Р.Мертонның айтуынша функционалдық объект ретінде қайталанып отыратын және стеоротипті әлеуметтк құбылыстарды(әлеуметтік рольдер, әлеуметтік процестер, әлеуметтік құрылым т.б) алуға болады. Әлеуметтік нақтылық жеке адамнан жоғары бола алмайды. Р.Мертон әлеуметтік құрылым өзіне адамдарды не олардың іс-әрекетін біріктіре отырып, олардың қарапайым жиынтығы емес екендігін көрсетті. Оның айтуынша әлеуметтік құрылым дегеніміз-қоғамдағы барлық мүшелер мен топтар қатысатын әлеуметтік қатынастардың ұйымдасқан жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |