Сабақтың жоспары: 1. Қоғам ұғымы және оның негізгі түрлері 2. Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі. 3 Қоғам дамуының тарихи үш сатысы.
Жалпы қоғам дегеніміз не? Жалпы алғанда қоғам дегеніміз-адамдардың бірлесуі, жиынтығы. Хайуандардың да, оның ішінде адам тектес маймылдардың да жиынтығы, тобырлары бар, бірақ олардың кейбір сырт көріністері адам қоғамына ұқсас болғанымен, оларды қоғам деуге болмайды. Қоғам, санасы, ақыл-ойы бар адамдар жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдар арасындағы айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежедегі берік қарым-қатынасы бар бірлестік. Күнделікті тұрмыста қоғам ұғымы түрліше мағынада қолданылғанымен, бірақ социологияда “қоғам” деп мына төмендегідей сипаттамаларға ие жиынтықты айтады: 1) өмір сүретін территория бірлігі болуы; 2) өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы; 3) өзін-өзі қамтамасыз етіп, басқарып отыруы. 4) әлеуметтік байланыстар негізін құратын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құратын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.
Жоғарыда айтылған жайлардың бәрін ескере отырып, “ қоғам” ұғымына мынадай анықтама беруге болады: Қоғам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында өзара байланысудың тарихи қалыптасқан формасында біріккен адамдар жиынтығы. Адамзат тарихы қоғам ұғымына байланысты 2 кезеңге бөлінеді: 1) адамдардың әлеуметтік тіршілігіне дейінгі кезең. 2) Әлеуметтік өмір кезеңі.
Қазіргі кездегі саналы тіршілік иесі ретіндегі адамның пайда болу уақытына байланысты көптеген болжамдар бар. Солардың бірі анатомиялық адам осыдан 200 мың жыл бұрын пайда болды. Ал іс-әрекетті қазіргі адам шамамен 50-мың жыл бұрын пайда болды. Алғашқы адамдар тобы алғашқыда қарапайым қоғам деп аталды. Кейіннен адамдардың аңшылық пен терімшіліктен мал және егін шаруашылығына , көшпелі өмірден отырықшылыққа , өндірістің дамуы мен жеке меншіктің пайда болуына және қоғамды қарама-қарсы таптар мен мемлекеттің пайда болуына байланысты күрделі қоғам пайда болды және әлемде әртүрлі елдер құрыла бастады.
Қоғам, мемлекет, ел ұғымдары өте жақын. Егер қоғам дегеніміз бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін адамдар жиынтығы болса, мемлекет оларды басқарушы билік органы, ал ел дегеніміз- олар өмір сүріп отырған нақты территория.
2. Формациялық жүйенің негізгі критериі – қоғамның кластық құрылымы болып табылады. Ол қоғамның тарихи дамуына қарай 5 қоғамдық формацияға бөлінеді: 1. Алғашқы қауымдық 2.Құлиеленушілік 2.Феодалдық 3.Капиталистік 4. Коммунистік (К.Маркс)
К.Маркс құл иеленушілік, капиталистік, феодалдық қоғамдарды антогонистикалық (гр. Antogonisma-күрес), эксплуататорлық(фр.-пайдалану) қоғам деп қарайды. Ал коммунистік қоғамды әділ, үйлесімді, адамдарда жекеменшік жоқ, барлығы тең, адамдардың еңбек бостандығына байланысты қарқынды еңбек ететін, тұрмыс жағдайы жоғары деңгейдегі қоғам деп есептейді. Бірақ ХХ ғ. Қоғам дамуының нақты тәжірибесі көрсеткеніндей капитализм мен социализмнің бақталастығында мұндай қорытындылар негізсіз болып қалды.
Социалистік құрылыстың көп жылдық тәжірибесі көрсеткеніндей социализм: 1) Адамдарды бір орталықтан басқарды және қарапайым адамдарда құқық болмады. 2) Іс жүзінде орындалмаған “Ұлы” мақсаттар мен бағдарламалар 3) Адамдардың тұрмыс-тіршілігі төмен болды. 4) Әлеуметтік теңдестірулер мен жеңілдіктер тек қана “жоғарыдағыларға” арналды. Жекеменшіктің ешкімдікі болмағандығы себепті адамдардың жұмысқа деген қабілетін түсірді.
Қоғамның 3 сатылы теориясы 1950-1960 ж.ж батыс социологтары, Даниел Белль мен Уолт Ростоу, Раймон Арон және т.б ғалымдар ықпалымен пайда болды. Бұлардың концепциялары қоғам дамуының әртүрлі дәуірінде ауысып отырғандығын көрсетеді. Олар адамзаттың дамуына байланысты қоғамды 3 типке бөледі: 1. Индустрияға дейінгі 2. Индустриялық 3. Индустриядан кейінгі. Адамзат тарихында индустриялық кезең созылмалы түрде жүрді. Ал әрбір келесі сатыға алдыңғыға қарағанда аз уақыт кетеді. Бұның себебі: әлем халықтарының санының өсуі, олардың білімі мен белсенділігінің артуы, ғылымның кеңінен дамуы, халықаралық
қатынастардың дамуы, ғылыми-техникалық прогресс және т.б болды.