Сабақтың жоспары: Қоғам ұғымы және оның негізгі түрлері Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі



бет6/25
Дата13.06.2022
өлшемі153,06 Kb.
#36776
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
дәрістер

Т.Парсонс(1902-1979)-американдық социолог, “құрылымдық функционализмнің негізін салушы, әлеуметтік жүйелер туралы теорияны қалыптастырушы. Негізгі еңбектері: “әлеуметтік іс-әрекеттің құрылымы”, “әлеуметтік жүйе”, т.б Парсонстың теорияларына М.Вебердің, Э.Дюркгеймнің Ф.Теннистің,Г.Зиммельдің,К.Маркстің т.б еңбектері үлкен әсерін тигізді. Оның теориялық мұрасын 3 кезеңге бөліп көрсетуге болады: 1)әлеуметтік іс-әрекет теориясын өзіне дейінгі социологиялық ой-пікірінің дамуының негізінде көрсетеді. 2)әлеуметтік іс-әрекеттің жалпы теориясында құрылымдық функционализмді негіздейді және әлеуметтік функциялардың қоғамның тұрақтылығына тигізетін әсерін талдайды.; 3) әлеуметтік іс-әрекет және жеке адам мәселесі. Парсонс қоғамдық дамудағы 3 негізгі құрылымды көрсетеді.: жеке адам, мәдениет және әлеуметтік құрылым. Парсонс әлеуметтік жүйелердің ішкі бөлінуінің мынадай басты құрылымын көрсетеді: объективті ролдерді орындаушы актерлер,осыдан туындайтын әлеуметтік рольдердің бағыттық түрлері; бағдарладың экономикалық негіздері; мәдени бағдарлар жүйесі; ресми және бейресми функциялар.
Парсонс жеке адамды әлеуметтену процесінде қарастырды. Әлеуметтену-қоғамдық функциядағы материалдық пен идеалдықтың бірлігі.


5 дәріс. Қазақ жеріндегі әлеуметтік ой-пікірлер.
Сабақтың жоспары:

1.XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық көзқарастары.


2.XX ғ. Басындағы қазақ зиялыларының саяси-әлеуметтік көзқарастары.
1. Абай (Ибрагим Құнанбаев) 1845-1904 –қазақтың көрнекті ақыны.
Абайдың социологиялық ой пікірлерімен “қара сөздерінен” таныс бола аламыз.
Абайдың қарастыратын мәселелерінің бірі –жеке адамның құрылымы. Бұл жерде оның көз қарастары Э. Дюркгеймнің, П. Сорокиннің көз қарастарымен сәйкес келеді. Ол жеке адамда биологиялық “мен” және әлеуметтік «мен» болатындығын дәлелдейді. Абай «жан мен тән адамға табиғат арқылы берілген» деп өзінің 43 қара сөзінде көрсетеді. Абай адамның мәнінің негізінің әр түрлілігін жеке адамдардың өзара байланысына және өзара әрекетіне байланысты екенін, сонымен бірге оған тигізетін әлеуметтік ортаның да әсерін сипаттайды.
Абай адамның табиғатының екі жақтылығын көрсете отырып, адамның сұраныстарын табиғи және жасақталған деп бөледі. Табиғи сұраныстарға тамақ ішу, дүниені білуге деген ұмтылыс және оны танып білуді жатқызса, ақыл мен білімді адамның еңбектік іс-әрекеті арқылы қалыптасатын сұраныстарына жатқызады.
Абайдың әлеуметтік көз қарастарын жеке адамды әлеуметтік сипаттауынан да көруге болады. Абай «қара сөздерінде» жеке адамның әлеуметтенуінің кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетеді; балалық, жасөспірімдік, жетілу кезеңдері. Абай дүниеге келгеннен бастап сәбиді екі түрлі сұраныс қалыптасады деп көрсетеді. 1) Тамақ ішу мен ұйқыға деген сұраныс; 2) Білуге деген ұмтылыс. Бұл жерде Абай әлеументтену процесінің бейімделу және интериоризация кезеңдерін сипаттайды.
Абай әсіресе білімнің адамның қалыптасуына тигізетін әсерін жоғары бағалады, “Рухани сапа-адамның ерекшелігін бейнелейтін көрініс”деп есептейді. Ой алғырлығы, Ұмтылыс, жүрек қалауы, Қызығушылық, әрекет етуге қабілетті болу-адамның қоғамға араласуына керекті алғы шарттар екендігін де Абай жазбаларынан таба аламыз.
Уалиханов Шоқан (1835-1865)- ағартушы ғалым. ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстандағы әлеуметтік ғылыми ой-пікірдің дамуына Ш. Уалиханов өз үлесін қосты. Қазақ халқының саяси -әлеуметтік өмірі Ш. Уалихановтың “Сот реформасы жайында хат”, “Сахарадағы мұсылманшылық туралы”,”Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы”, “Баянауыл округі туралы” “Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы” деген еңбектерінде айқын көрінеді.
Бұл шығармалары сол кездегі қазақ қауымының басынан өткен патриархалдық- феодалдық құрылыстың кертартпалық сипаттарын қатты сынайды. Согнымен қатар Шоқан қазақ қоғамның әлеуметтік құрылымының, саяси-әлеуметтік , экономикалық территориялық жағдайларын мұқият зерттеп, оған обьективтік ғылыми бағалар берген. Көзімен көрген, ақыл-ойын түйген жайлар қазақтың, қырғыздың т.б. бұратана халықтардың патша үкіметінің орталық саясатынан езіліп-қаналуымен қатар орыс халқының қамын, бұқарасының өзі де патшаның шексіз өктемдігінен аз тепкі көрмей отырғанына Шоқан жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет