ЫбырайАлтынсарин (1841-1889 ж.ж.)-X1X ғасырда қазақ жерінде әлеуметтік ойды дамытуға үлес қосқан азаматтардың бірі. Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының жай-күйін зерттей келе длүние жүзілік алдыңғы қатарлы өркениеттен артта қалған қоғамның тежелеу себебі қазақ арасында оқу-білімнің таралмағандығынан деп білді. Сондықтан ол бар күшін, жігерін, уақытын жас түлектерді оқытуға жұмсады. Ыбырай Алтынсарин орыс әкімшілігінің отаршылық саясатын сынай келе орыстар мен қазақтардың бір-бірімен жақындасуына күштеп кіріспей, оның табиғи жолмен өтуі керектігі туралы пікір білдірген. Кез-келген халық прогреске жету үшін отырықшылыққа көшіп,егіншілікпен айналысуы керек. Сонда ғана халықты ағарту ісін дұрыс жолға қоюға болады деп тсіндірді.
Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамындағы адамдардың өзара қарым қатынасында ескілікті, Әдет –ғұрыптың қандай орын алып келгенін зерттеп, оның әлеуметтік өмідегі маңызы туралы ғылыми пікірлер айтады. Соның ішінде отбасындағы құда болу, үйлену тәртіптерін мұқият талдайды, оның пікірінше, қазақ қоғамын нығайту үшін көптеген әдет ғұрыптар маңызды рол атқарған.
2. Бөкейханов Әлихан (1870-1937жж.)-XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық ой пікірінің дамуына үлес қосты. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастармен танысып, зерттеу үшін ол орыстың демократялық әдебиетімен танысты, оны қазақ тіліне аударды. Маман экономист ретінде ол царизмнің қоныс аудару саясатын, оның әлеуметтік сипатын зерттейді. Орал қаласындағы «Факел» газетінде Бөкейхановтың бағдарламасы басылған, онда алғашқы рет қазақ қоғамының саяси және әллеуметтік дамуы үшін өмірлік мәні бар міндеттерді іске асыру белгіленеді. Мәселен, онда қазақ жерін сол халықтың меншігі, ол бөлінбейтін болу керек деп танылған заңдар қабылдану үшін күрес , қазақ жастары оқитын мектептер, медреселер, жоғары оқу орындарын ашу, орыс гимназияларында оқып жүрген қазақтарға ана тілін оқыту міндеттері қойылды. Осы қойылған міндеттердің өзін ғана іске асыру көптеген түбірлі саси және әлеуметтік мәселелерді шешкен болар еді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Уфа қаласындағы Ғалия медресінде (Жоғарғы мектеп) оқыған. Омбының мұғалімдер семинариясын бітірген. Кейініректе В:Я: Брюсовтың тікелей басшылығымен әдеби-көркем инистутын бітірген. В.Я. Брюсов Мағжанға берген мінездемесінде оны «қазақтың Пушкині »- деп атаған. Сол уақытта Мағжан советтік шығыс мәдениетінің ең білімді қайраткер ақындарының бірі болды. Ақынның творчествасын қазақ халқының өмірінде бұрын болмаған ірі өзгерістер мен әлеуметтік дағдарыстар дәуірімен, нақты тархи шындықпен тығыз байланыста қараған жөн.
Мағжан дүниені көбіне-көп философиялық тұрғыдан таниды. Өмір мен өлім, ондағы адам тағдыры туралы мәселелер Мағжан ақынның поэзиясының ең негізгі де маңызды мәселелері. Шығармаларының ішіндегі ең шоқтысы биік поэмасы –“Қорқыт”поэмасы. Өмір мен өлім мәселесі халықтық философияда, әсіресе ертедегі Қорқыт бабамыздың есімімен тығыз байлданысты “қайда барсаң Қорқыттың көрі” деген сөз қалғаны белгілі . Мағжан өлімге байланысты өз философиясын беруде өзінің осы әйгілі бабасына оралады. Мағжанның творчествасында қала және ауылдың өмір сүруі бейнесіне, ана болашағына, ұлылығына арналған, Шығыс халықтарын оянуға шақырған өлеңдерді кездестіруге болады. Ол барлық ірі ақындар тәрізді өз өлеңдері арқылы өз заманының, қоғамының зор мәселелерін көтерген, өмірдің мән жайы, зұлымдық пен мейірімділік жайлы жазған. Мағжан поэзиясынан өмірді біртұтас құбылыс ретінде, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы ретінде қабылдайтын ақын тұлғасын, дүние танымын көреміз.