Сабақты жоспарлау және оған дайындалу кезеңдері; Сабақты талдау және өз сабағына талдау жасау


Жоспарлаудың міндетті құжаттарына



бет2/10
Дата09.05.2022
өлшемі62,8 Kb.
#33812
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жоспарлаудың міндетті құжаттарына:

  1. Оқу сабақтарының кестесі;

  2. Бағдарламалар, күнтізбелік сабақ жоспары жатады.

Оқу сабақтарының кестесі оқу жұмысының режимін белгілейді. Ол оқытушылардың болатын сабақтарға алдын ала даяр болып келуін қамтамасыз етеді. Оқу мезгіліне байланысты әрбір апталық сағаттардың мөлшері оқу жоспарында анықталады. Мектептің ерешеліктеріне, таңдап алынған бадарламаларына сәйкес сол мектептің оқу жоспары құрастырылады. Оқу кестесі мұғалімдер санына қарай, олардың педагогикалық еңбегін тиімді түрде ұйымдастыру үшін керек. Әсіресе жиі кездесетін жағдай бос уақыттың болмағаны дұрыс. Педагогикалық жүктемені дұрыс үйлестіру апта бойына мұғалімдердің еңбек қабілетін сақтауға, сабақтарды тиімді өтуге жағдай жасайды.

Білім беруді дамыту үшін оқу – тәрбие жұмыстарын жетілдіру керек. Оқытудың негізін құрайтын сабақ болған соң, әрбір мұғалім өз сабағының сапасын жақсартуға аса зор көңіл бөлуі тиіс. Әр сабақтың сапасы оның жоспарлануына, алдын ала даярлануына, қажетті көрнекі құралдармен жабдықталуына байланысты. Сондықтын әрбір материалды үйлестіру, сабақтың түрін және оны өткізу тақырыптың мақсатына сәйкес келгені дұрыс.

Ұйымдастыру – техникалық даярлық әрбір тақырып бойынша дидактикалық оқу құралдарын жүйелеуді, оқу кабинаттерін жабдықтауды, щеберхана құрал – саймандарын түгендейді.

Сонымен қатар мұғалімдердің жекелей дайындығы қажет. Ол жаңа әдістемелік және техникалық әдебиеттермен танысады, басқа оқыту – әдістемелік тәжірибелерді талдайды, білім беру оқу орындарының жаңа стандарттарын қарастырады, әдістемелік кеңестер жұмысына ат салсады, озық тәжірибе жинақтайды және оны тарату жұмыстарын үзбей, үнемі жүргізеді.

Оқыту сабақтарының сапасы сабақ жоспары арқылы анықталады. Әрбір оқу жылында оқу топтарының өзгерістеріне байланысты түрлі сабақ жоспары құрылады.

Сабақ жоспары – педагогтың жеке жұмыс құжаты. Дұрыс құрылған сабақ жоспары арқасында ғана оның тиімділігі артады. Сабақ жоспары оның түрін анықтайтын барлық компоненттерді қамтиды, яғни сабақ тақырыбы, мақсаты, жұмыс әдістері, тәсілдері қарастырылады.

Сабақ жоспарын құруда төмендегідей нұсқаулар беріледі:

  • белгілердің бірыңғай жүйесін қолдану, сабақтың құрылымды элементтері рим цифрларымен /І,ІІ,ІІІ,ІҮ/ оны ашатын бөліктері араб цифрларымен /1,2,3/ одан әрі қарай көбіне кіші әріптермен белгіленеді.

  • сабақ жоспарына арнаулы бір дәптер басталады, ондағы әрбір жаңа сабақ жаңа беттен басталады.

  • мұғалімнің міндетіне кіретін кейбір элементтерді толықтай жазу қажет емес, мысалы оқушылардың сабаққа қатысуы, үлгерімі, жүріс – тұрысы, киінуі сияқты мәселелер жалпы түрде дәптерге жазылмай-ақ қарастырылады.

  • егер паралелль сыныптарға ортақ бір тақырыптағы материал өтілсе, онда оларға ортақ бір ғана сабақ жоспары жасалады, жеке –жеке сабақ жоспарының жасалуы қажет емес.

Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны
дайындау кезеңдері

1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;

4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

5. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

6. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

7. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс - әрекетін жоспарлау;

8. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;

9. Техникалық оқу құралдары мен құрал - жабдықтарды тексеру;

10. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

11. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;

12. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

13. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;

14. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;
Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі төмендегіше:

1. Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу. Сынып деңгейі. Оқушылардың пәнге қызығушылығы. Сыныптың жұмыс қарқыны. Білім, білік, дағдының қалыптасуы, әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым - қатынас, оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы, оқушылардың жалпы тәртібі.

2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу: тіл табысушылығы, көңіл - күйінің өзгеруі, эмоционалдығы, оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы, көңіл - күйдің төмендеуін жеңе білуі, өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі,. 

3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.

1) Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;

2) Сабақ тақырыбына қатысты түрлі: ғылыми, ғылыми - көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу;

3) Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап ететінін анықтау;

4) Оқулық материалын еске түсіру, білім, білік, дағдыны бөліп алу;

5) Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;

6) Сабақта оқушы нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау;

7) Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау;

8) Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыратын, жаңа материалды игертетін тиімді тәсілдерді таңдап алу;

9) Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;

10) Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет