Сабақтың көрнекілігі : Слайд,плакат,буклет, соғыс ардагерлерінің суреттері,гүлдер,шарлар,мәңгілік алаудың макеті



Дата23.03.2023
өлшемі267,57 Kb.
#75776
түріСабақ
Байланысты:
9 мамыр ашық сабақ


Ұйымдастырған ашық оқу қызметі


Білім беру саласы: Коммуникация.Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Жеңіс жасасын!»
Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысы туралы,соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерлігі жайында түсінік беру,Отансүйгіштікке тәрбиелеу, үлкендерді сыйлай білуге, ерлікті мақтан тұтып,қадірлей білуге үйрету, патриоттық сезімге
тәрбиелеу. Балалардың бойына
батырлық,жігерлік қасиеттерді
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын сезінуге ,оны қорғауға батылдыққа адамгершілікке ,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,плакат,буклет,
соғыс ардагерлерінің суреттері,гүлдер,шарлар,мәңгілік алаудың макеті.
Әдіс-тәсілдері:Әңгімелесу,түсіндіру,ой қозғау,сұрақ-жауап.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық
Қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Армысың алтын күн,


Армысың жер Ана,
Армысың достарым
,Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолдарым!

-Балалар,бүгін бізге қонақтар келген екен ,сәлемдесейік!


-Балалар,қазір жылдың ұай мезгілі?


-Көктем мезгілінде неше ай бар?


-Ол қандай айлар?


-Мамыр айында қандай мерекелер бар?


-Өте дұрыс.





-Балалар жылуылық шеңберін жасайды.
-Сәлеметсіздер ме!

-Көктем
-Үш ай бар.


-Наурыз,сәуір,мамыр
-1 мамыр-ынтымақ күні,
7мамыр Отан қорғаушылар күні.

Ұйымдастыру-ізденушілік

-Балалар, 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні.Биыл Ұлы жеңіске 76 жыл толып отыр.Бізге тыныш,бақытты өмір сыйлаған батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім,ешқашан ұмытқан емес.Ерлердің есімі мәңгі есімізде сақталады.Слайдқа назар аударайық.Слайд көрсетіледі.


-Міне,балалар,өздерің көргендей соғыс зардабы қаншажүректерге жара салды.Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Қаншама бөздақтар Отан үшін өмірлерін қиды.
Енді бүгінгі Жеңіс күніне арналған тақпақтарымызға кезек берейік,
Имран:Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Тимур:Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген салдаттар.
Ардақты Отан ел үшін,
Баұытты туған жер үшін.
Әдеміай:Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді.
Десеңдер бұл қай күні,
9мамыр күні.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Бір,екі,үш,
Бойға жинадық күш!
-Балалар,Ұлы Отан соғысына қатысқан ер жүрек батырларымыз:Бауыржан Момышұлы,Мәлік Ғабдуллин,Әлия Молдағұлова,Маншүк Маметова,Рақымжан Қошқарбаев,Талғат Бигелдинов тағы көптеген ержүрек батырларымызға ерлігі үшін басымызды иіп,тағзым етеміз.Біздің емін-еркін ойнап,білім алып жүргеніміз сол батырларымыздың еңбегі.Ардагерлердің ерлігінің арқасында осы күнге жеттік.Енді соғыс болмасын!Сендер бейбіт өмірдің батырлары болыңдар!

Ән:”Ел қорқауға әзірмін”.


Шығармашылық жұмыс:ұшақтың бөлшектерін жапсыру арқылы әскери ұшақ жасап шығару.


Балалар назарын слайдқа аударады.


Тақпақтарын жатқа айтады

Балалар қызығушылықпен орындайды.

Балалар ерекше көңіл-күймен жасайды.



Жетекші-жөндеуші

Тәрбиеші балалардың жұмысын бақылайды,сапасын тексереді,қажетті кеңестер береді.

-Балалар,жер шарының балаларының тілегі не?


-Дұрыс айтасыңдар,балалар!жер шарының балаларының тілегі осындай.Осымен ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміз аяқталды.



-Бейбітшілік,соғыс болмасын!достық болсын!

Күтілетін нәтиже: 9 мамыр жеңіс күні ,ардагерлердің ерлігі туралы
Нені білді: бейбітшіліктің маңыздылығын,соғыстың қиындығы жайында
Нені игереді: Соғыс пен бейбіт өмірді,соғыс ардагерлерінің еңбегін бағалауды,құрмет тұтуды
Нені меңгереді: жұмысты ұқыптылықпен орындауды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет