Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал мәтелдер Жоспары: Ұйымдастыру кезеңі



бет2/4
Дата01.04.2022
өлшемі27,89 Kb.
#29510
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер

Жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері :(Жүректен-жүрекке .Оқушылар бір-бірін таныстырады)

Топқа бөлу:

1-топ.Алма

2-топ Жүзім

3-топ Алмұрт



Сабақтың барысы:

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын,өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?

Ол-Денсаулық

- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты. Ал енді балалар сендерге әлемде болып жатқан жұқпалы ауру, яғни короновирус туралы айта кетейін. Әлемде кәдімгі тұмаудан жылына әлдеқайда көп адам қайтыс болады. Алайда, емі болмағандықтан, жаңа инфекция одан да қауіпті болуы мүмкін. Коронавирус -бұл жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралған вирустардың үлкен тобы.

Коронавирустың берілу жолы қандай?

Коронавирус адамнан адамға ауа-тамшы жолымен (жөтелу, түшкіру, әңгіме кезінде) берілуі мүмкін, сондай-ақ жұқтыру тұрмыстық заттар арқылы және жұқтырылған тамақ, су арқылы болуы мүмкін. Сондықтан, балалар, түшкіргенде бет-орамалмен аузымызды жабуымыз керек және де беті-қолымызды сағат сайын, тамақ ішер алдында жуып отыруымыз керек. Себебі, Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.

Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.

Cендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?



  • Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?

1-тапсырма.Денсаулық сөзін талдау:

Д-

Е-



Н-

С-

А-



У-

Л-

Ы-



Қ-

Деніміз сау болу үшін дұрыс тамақтану керек, тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады. Таза ауада көбірек жүру, тазалық сақтау, тамақты артық тойып ішпеу, тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жуу керек.

Жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі болып саналады. Жеке бас гигиенасы түсінігіне мыналар кіреді: күн тәртібі, тамақтану, терінің күтімі, ауыз қуысының күтімі, дұрыс киіну, дене тәрбиесі, үйдің санитарлық жағдайы, тұрмыстық аспаптарды қолдану (теледидар, шаңсорғыш, газ плитасы) және тұрмыстық химия тауарларын қолдану.

Тері тазалығы. Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.

Жеке бас тазалығының ережелері

- Күнделікті бір уақытта тұрып, шынықтыру жаттығуын жаса;

- Таңертең тісіңді тазалап, беті - қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

-Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпаңдар;

- Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жуыңдар;

- Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкіріңдер немесе жөтеліңдер;

- Шашыңды дұрыстап күтіңдер: уақытылы тарап, буып немесе өріп қойыңдар;

- Төсектеріңді жинап, жеңіл - желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;

- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр.

- Аяқ киімдеріңді күтіп киіп үйреніңдер, тазалап жүріңдер;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет