6-тапсырма
Салауаттылық, денсаулыққа арналған сұрақтар(қорапшадан таңдау).
7-тапсырма
Мақалды жалғастыр:
1) Денсаулық – (зор байлық)
2) Тәні саудың – (жаны сау).
3) Аңдамай сөйлеген, (ауырмай өледі)
4) Ауруын жасырған (өледі)
5) Денің сау болса ,(жарлымын деме)
6) Ауырып ем іздегенше, (ауырмайтын жол ізде).
7) Аурудың жақсысы жоқ, (дәрінің тәттісі жоқ.)
Қорытынды
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Сонымен қатар біз күнделікті мына ережелерді орындауымыз қажет:
- 1. Ерте тұру.
2. орта тазалығын ұстау.
3. дене шынықтыру
4. үнемі денені таза ұстау
5. үнемі сергек жүру
6. артық тамақ ішпеу
7. көп ұйықтап жалқау болмау. Міне, бұлардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі,.
- Балалар, сендер осы айтылған 7 өсиетті орындау міндеттісіңдер, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, саналы, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын, толыққанды ұрпақ болып өсесіңдер. Ешқашан ауырмай, өз денсаулығымызды күтейік
«Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер».
Кері байланыс
Достарыңызбен бөлісу: |