Сабақтың мақсаты : оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту



бет3/9
Дата27.11.2023
өлшемі36,38 Kb.
#129910
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ата-аналарга тарбие сагаты

Эмоционалдық ерекшеліктері
Жасөспірімге оның физикалық жағдайына сәйкес көңіл-күйдің күрт өзгеруі тән. Жиі шамданғыштық пайда болады. Алайда, қажет болған кезде ұстамдылық танытуы да мүмкін. Өз көзқарастарын қыңырлықпен берік ұстануға, оларды барлық жерде орнатуға бейім.


Әлеуметтік ерекшеліктері
Жасөспірімдердің ересектерге қарағанда үлкен беделге ие құрдастар тобымен дос болуға деген ұмтылысы артады. Өз отбасынан тәуелсіз болғанды қалайды. Жасөспірім тезірек есейгісі келеді. Жасөспірімнің өз ұстанымы пайда болады. Ол өзін жеткілікті есейдім деп санайды және өзіне ересек адам ретінде қарайды. Алайда, ол ересек өмірге объективті түрде қосыла алмайды, бірақ ересектер дәрежесіндегі құқыққа ие болғысы келеді. Бұл сырттай ересектерге еліктеуінен көрінеді.
Өз құрдастарының қандай да тәсілдермен болса да мақұлдауына қол қол жеткізуге қабілетті. Сонымен бірге, ол ата-аналардың және басқа ересектердің пікірін сезімталдықпен қабылдайды, олардың тарапынан түсіністікті қалайды.
Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері«жасөспірімдер кешені» деген атауға ие болды: өзінің сырт келбетінің бөгде адамдардың бағалауына сезімтал болып келеді; тым менмендікке салыну және басқаларға қатысты аппеляциясыз пайыдау; зейінділік кейде таңқаларлық қатыгездікпен, басқалар оны мойындап, бағалауды қалау жалған тәуелсіздікпен, беделді адамдармен, жалпыға бірдей ережелермен және кең таралған идеалдармен күрес – кездейсоқ кумирге табынумен бірге жүреді.
Психологиялық қиындықтардың себебі жыныстық жетілумен байланысты, бұл әртүрлі бағыттар бойынша біркелкі дамымау жағдайы. Бұл жас эмоционалдық тұрақсыздықпен және көңіл-күйдің күрт өзгеруімен сипатталады.
Бұл жастағы жетекші қызмет коммуникативтік қызмет болып табылады. Ең алдымен өз құрдастарымен араласып, олардан өмір туралы қажетті білім алады.


1-тапсырма: Презентация материалына және біздің әңгімемізге сүйене отырып, оған тән қасиеттерді атай отырып, «өз балаңыздың портретін» құрыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет