Сабақтың мақсаты : оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту


 – қадам. Талап етуді және міндет қоюды емес, түсіндіруді және өтінуді үйреніңіз



бет9/9
Дата27.11.2023
өлшемі36,38 Kb.
#129910
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3 – қадам. Талап етуді және міндет қоюды емес, түсіндіруді және өтінуді үйреніңіз
Балаңызға бірдеңеге тыйым салудың орнына – бұл неліктен жаман идея екенін позитивті түрде түсіндіріңіз. Қарсылықтарыңызды дәлелдеуді үйреніңіз. Балаға оның әрекеттері мен олардың салдарының себеп-салдарлық байланысы туралы айтуды ұмытпаңыз.


4 – қадам. Баланы тыңдауды және естуді бастаңыз
Баланы тыңдауды және түсінуді үйреніңіз. Дәріс оқымаңыз немесе үгіт-насихат жасамаңыз, оның орнына мұқият тыңдап, сіздің көзқарасыңыз неге сәйкес келмейтінін құрметпен түсіндіріңіз. Сөздеріңіз бен әрекеттеріңіз сәйкес келуі үшін дәйекті болыңыз.
Мысалы, егер сіз балаға ережеге сәйкес жолды бағдаршамның жасыл сигналына өту керек екенін түсіндірсеңіз, жол бойында машиналар болмаса да, қызыл түске өтпеңіз.


5 – қадам. Қателіктерге емес, жетістіктерге назар аударыңыз
Баланың дұрыс әрекеттерін мақұлдаңыз. Мысалы, егер бала математикадан үй тапсырмасын орындаған болса, бірақ бірнеше мысалдарды шешуде қателескен болса, оны бұл үшін ұрысудың қажеті жоқ. Оның бәрін өзі шешуге тырысқанын қолдаңыз және онымен бірге қателік жіберген мысалдарды қалай шешу керектігін қарастырыңыз. Ол дұрыс жауапты қайтадан өзі табуға тырыссын.


6 – қадам. Алдын ала ойланыңыз
Қиын жағдайларды болжап, алдын-ала шешімін ойластырып қойыңыз. Егер ұзақ сапарға шығу керек болса, бала зерікпес үшін көңілін қалай аулауға болатынын жоспарлаңыз. Бұл ойындар немесе жауапты тапсырма болуы мүмкін – мысалы, жол көрсету (тіпті сіз оны жақсы білсеңіз де).


7 – қадам. Дұрыс сұрақтар қойыңыз
Балаңызбен проблемаларды шешуді талқылай отырып, оның назарын келесі сұрақтарға аударыңыз: «Мәселе неден тұрады?», «Оны шешу үшін не істеуге болады», «егер...болса не болады?», «Қандай шешімді таңдаған дұрыс?», «Шешіміңіз дұрыс жұмыс істеді ме?». Осылайша бала ойлауды және салмақты шешімдерді өз бетінше қабылдауды үйренеді.



Чек-парақтар



2 мин.

Тілектер, пайдалы ұсынымдар:

  • Ата-ана болу – өнер. Есіңізде болсын, мінсіз ата-ана жоқ. Көмек сұрауға және жетіспейтін ақпаратты іздеуге қымсынбаңыз.

  • Жағдайды салқындықпен бағалау және салмақты шешім қабылдау үшін дер кезінде тоқтап, тынышталуды үйреніңіз (тәсілдерді меңгеріңіз).

  • Көңіл-күйіңіз болмаса, қағаз алып, балаңыз сізді таң қалдырған нәрселердің тізімін жасаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет