Сабақтың мақсаты : оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту



бет7/9
Дата27.11.2023
өлшемі36,38 Kb.
#129910
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ата-аналарга тарбие сагаты

2 – жаттығу «Белсенді тыңдау»
Белсенді тыңдау диалогқа қосылуды және сұхбаттасушының сөздеріне нақты реакцияларды қамтиды. Жаңа ғана танысқан кейбір амалдарды қолданып корейік.
Жұптарға бөлінеміз. Жұптың бір мүшесі – жасөспірім рөлінде, екіншісі – ата-ана рөлінде. Жұптың бірінші нөмірлері қандай да бір мәселе туралы айтады. Мысалы, «менің жақсы достарым жоқ». Екінші нөмірлердің міндеті – белсенді тыңдау әдістерін қолдана отырып, сұхбаттасушының мәселесін ашып шешу.
Талқылау 3 минутқа созылады, содан кейін қатысушылар рөлдерін ауыстырады. Жұппен жұмыс істеу аяқталғаннан кейін қатысушылар пікірлерден алған әсерімен бөліседі.


Талқылауға арналған сұрақтар

1. Сізге не қызығырақ болды – мәселеңіз туралы айту ма немесе сұхбаттасушының өз мәселесі туралы айтқанын тыңдау ма?


2. Тыңдау оңай болды ма? Сөйлеу ше?
3. Диалогта қандай амалдарды қолданып көрдіңіз?
4. Жұппен жұмыс жасау қаншалықты ыңғайлы болды? Әңгімелесушілер арасында байланыс орнатылды ма?
5. Жасөспіріммен диалогта сенімді байланыс орнату үшін ата-ана қандай қасиеттерге ие болуы керек?






10 мин.

Қалай позитивті ата-ана болуға болады?
Тәрбие қағидаты – ата-ананың баламен қарым-қатынасына негізделген сенім.
Қағидат ережелер арқылы іске асырылады – нақты нормалар, нақты тәрбиелік міндеттерді шешу тәсілдері.
2 – тапсырма. 4 топқа бөлініңіздер. Әр топқа талқылау үшін 1 қағидат ұсынылады.
Ұсынылған қағидаттар сіздер үшін басқаша естілуі мүмкін. Осы қағидатты қалай түсінетініңізді тұжырымдаңыз. Осы қағидатты қандай жағдайларда қолданасыз? Сіз түсіндіретін қағидатты іске асыратын бір ереже тұжырымдаңыз. Бүкіл топқа айтып беріңіз.


1 – қағидат. Басқалардан ерекшелену қалыпты жағдай.
2 – қағидат. Қателіктер жіберу - қалыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет