1 – жаттығу «Бағдаршам» Сіздерге қызыл және жасыл карталар таратылды. Келесі мәлімдемелерге өз бағаңызды беріңіз. Егер сіз мәлімдемені әділ деп санасаңыз – жасыл карталарды көтеріңіз (иә). Егер мәлімдеме қате болса қызылды көтеріңіз (жоқ). Сіздің пікірлеріңіз әрқашан сәйкес келе бермеуі мүмкін. Енді даулы жауаптарды талқылайық.
Мәлімдемелер:
Жасөспірім немқұрайлылық, тәкаппарлық танытса да, оның көңілі жұқа болып келеді.
Жасөспірім эмоционалдық түрде салмақты және тұрақты болуы керек.
Жасөспірім өзін-өзі талдауға бейім.
Құрдастарымен шамадан тыс қарым-қатынас жасау жасөспірімге зиян болады.
Жасөспірімдік шақ көп жағдайда жанжалдармен, ұрыс-керіспен бірге жүреді.
Жасөспірімдердің сұлулыққа деген ұмтылысында қисынсыз, күлкілі жағдайлар болуы мүмкін (қыздардың косметиканы асыра пайдалану және т.б.).
Егер жасөспірім ата-анасын елемейтін болса, олар оған да солай істеуі керек.
Әнгіме: Мына жағдайды елестетіп көріңіздер: сіздің үйіңізде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, жиһаз жылжытылған, заттар әдетті орындарында емес, сіз бояумен (ағартумен, тазалаумен және т.б.) айналысып жатырсыз – бір сөзбен айтқанда, айналыңызда ретсіздік.Сіздің жасөспірім қызыңыз (немесе ұлыңыз) мектептен келіп, өзімен бірге досын (дос қызын) ертіп келді. Сіздің сөздеріңіз, әрекеттеріңіз қандай болмақ? (бірнеше жауаптар, педагогтің реакциясы).
Бейнесюжетті көру Енді «Терабитияға көпір» фильмінің үзіндісін көрейік. Әңгімелесуге арналған сұрақтар: 1. Қыздың ата-анасы, фильм кейіпкерінің мінез-құлқына қалай қарады?
2. Бұл көріністі қандай көңіл-күй сипаттайды? Ол неден білінеді?
3. Оқиғалардың мұндай қарқыны біздің өмірімізге қатысты қаншалықты шынайы? Неліктен?
«Терабитияға көпір» фильмінің үзіндісі, 2007, АҚШ, реж. Габор Чупо