Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар



бет108/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

(Ж) Қисық сызықтарды тап.
- Қисық сызықтардың көмегімен қандай суреттер бейнеленген?
- Олар тұйықталған ба, әлде тұйықталмаған ба? Осы суреттерді тақтада көрсету, содан соң қисық сызықтарды көрсетуге әр топтан бір оқушы шығару.
Жауабы: көл, бұлт, көгершін, жазық фигуралар (үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы)
(Ж) Көмектес. Жұптағы оқушылардан қажет жолды тапқан соң шыққан жауаптарын салыстыру үшін көршілеріне бұрылып, басқа жұп құруын сұраймын. Содан кейін жауаптары сәйкес келген жұптар қолын жоғары көтереді. Жауабы:
жол — тұйықталған қисық.
Кеңістіктік фигуралары — шар, пирамида, куб.
(Ө) Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар.
- Түсі қандай сызықтарды көріп тұрсыңдар?
- Қағазға тұйықталмаған сызық түстерінің алғашқы әріптерін жаз және қағазды жоғары көтеріңдер,содан соң тұйықталған сызықтармен де осы тәріздес жұмыс жүргіземіз. Егер түсініспеушілік болып жатса, кейбір оқушылардан өз таңдауын түсіндіріп беруді сұрау.
Жауабы: күлгін — тұйықталған. Көгілдір —тұйықталмаған.
(Ө, МК) Шығарып көр. Оқушыларға алдымен қисық сызықтарды санауды, ал кейін өз жауаптарын жұпта тексеруді ұсыну. Тапсырманы тақтаға іліп қою, тақтаға қисық сызықтарды көрсетемін деген оқушыларды шығару.
Жауабы: үш қисық: көгілдір, қызыл, жасыл.
Орындап көр. Сыныпта талқылау ұйымдастыру. Оқушылардан өз көзқарасын дәлелдеп беруді сұрау.

  • Қай сандар қисық сызықтармен көрсетілген?

  • Ал әріптер ше?

Қисық сызықтарды тап. Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыну. Тапсырманы тексеруді сергіту сәтімен байланыстыру. Оқушыларға тұйықталмаған сызықты қолдарын екі жаққа ашып, ал тұйықталған сызықтарды қолдарын қапсыра ұстап жауып көрсетуді ұсыну.
Жауабы: таулар — тұйықталмаған қисық, өрмек, тоған — тұйықталған қисықтар.
Рефлексия.
Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.

әр топқа нүктелер, сызықтар, кесінділер, жазық фигуралар бейнеленген парақшалар

орындықтар, кегли және т.б.

оқулық
қағаз
оқулық

жұмыс дәптері


Боялмаған алмалар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет