(Т) Шығарып көр. Санды өрнектерді салыстырып, оларды қандай 3 топқа бөлуге болатынын сұрау.
Оқушыларға бұл тапсырманы қалай орындайтынын айтуға мүмкіндік беру. Мысалы, олар оны бірінен кейін бірі жалғастырып орындауы немесе барлық тапсырманы жеке орындауы мүмкін. Өзара тексеру жасауға мүмкіндік беремін.
Жауабы:үш қате:
20 + 40 = 70 – 30;
15 – 3 ≠ 16 – 4;
11 + 0 = 14 – 0.
(Ж) Орындап көр. Сурет бойынша саябақ жолдарының сызбасы қандай геометриялық фигуралар беретінін айту керек. Санды теңсіздік құрастырып, берілген жолдардың ұзындығын салыстыруды тапсыру.
Жауабы: 20 дм + 20 дм + 20 дм + 20 дм< 30 дм + 30 дм+30 дм; 80 дм < 90 дм.
(Т) Ойлан. Бірнеше амалдармен берілген санды өрнектерді салыстыру тәсілін табады. Оқушылардың топта ақылдасуына мүмкіндік беру. Олардың жауаптарын тыңдау.
Екі амалмен берілген санды өрнектердің мәнін есептеу міндетті емес. Салыстыратын өрнектердің құрамындағы бірдей сандарды сызып тастап, қалған сандарды салыстыруға болады. Мысалы 1 + 2 + 3 * 1 + 2 + 4; 3 < 4, яғни 1 + 2 + 3 < 1 + 2 + 4.
(Ө) Шытырманнан жүріп өт. Оқушылар санды өрнектерді салыстырып, тиісті белгіні қояды. Барлық өрнектердің ішінен санды теңдіктерді тауып, қоршап сызады.
— Өрнектерді салыстыру нәтижесін қалай жазуға болады? (Теңдік немесе теңсіздік түрінде.)
— Санды өрнектердің мәнін салыстыр және оның түрін анықта:
6 + 8 * 9 + 4;
17 – 3 * 14 + 2;
28 – 4 * 20 + 4.
— Кәмила бір пакетке 2 кг алмұрт және 3 кг өрік, ал екіншісіне 4 кг алма және 1 кг шие салды. Қай пакет ауыр?
Рефлексия. Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.