Ғарышкердің таңғы асы. Саяхаттың алдында жаттығу жасап, ғарышкерге таңғы асын ішуді ұсыну. Оқушылар теңдіктің құрамындағы белгісіз санды берілген жауап нұсқаларының ішінен таңдап алады. Олар санды таңдау тәсілімен анықтап немесе санның құрамына байланысты білімдеріне сүйенеді.
Мына сұрақтарды:
— 7 саны шығу үшін 5-ке нешені қосамыз?
— Белгісіз сан нешеге тең?
— 5 саны шығу үшін 8-ден қандай санды азайтамыз?
— Белгісіз сан нешеге тең?
Олардың әрқайсысына сандар жазылған парақшаларды таратып беру. Оқушылар қолдарындағы парақшаларды басқа ойыншыларға көрсетпеуі керек.
Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызып, ойынды бастау. Жүргізуші санамақтың көмегімен қолындағы санды суреттеп айтатын оқушыны таңдайды. Оқушы жасырып тұрған санын жұмбақтап айтады. Мысалы, егер бұл санға 7-ні қосса, қосынды 9 санына тең болады. Немесе егер 10-нан менің қолымдағы белгісіз санды азайтса, айырманың мәні
5-ке тең болады т.с.с.
Ал қалған оқушылар осы санды табады. Қай оқушы бірінші тапса, тірек сөзді айтады. Егер ойыншы санды дұрыс тапса, онда жүру құқығы қалады. Ал дұрыс таппаса, жүру құқығы ойлаған санды дұрыс тапқан басқа ойыншыға ауысады. Ойын осылай жалғасады.
(Ұ) Шығарып көр. Оқушылар теңдіктегі белгісіз сандардың қандай сан екенін анықтайды. Тапсырманы оқушылардың барлығын қатыстырып тізбектей отырып орындайтындай етіп ұйымдастырамын.
Жауабы: 8 + 2 = 10, 12 + 5 = 17, 40 – 20 = 20,
80 – 10 = 70. 10 – 9 = 1,
15 – 3 = 12, 20 + 30 = 50,
60 + 10 = 70.
(Ұ) Ойлан. Есеп шығаруға дайындық түрінде ұсынылады. Оқушылармен бірге есеп мазмұнын оқу. Тапсырманы есеп деп атамаймыз, тек ғарыш оқиғасы деп айтамыз.
Оқушылар тапсырма мазмұнын оқиды. Тапсырмаға белгісізі бар теңдік құрастырып, белгісіз санның мәнін табады. Егер оқушылардың дайындық деңгейі бірдей болса, тапсырманы сынып алдында орындатыңыз.
(Т) Орындап көр. Тапсырма шаршы түрінде көрсетілген, бірдей суреттердің астында бірдей сандар жасырылған. Оқушыларға берілген қосындының мәні шығатындай белгісіз санды анықтау керек. Тапсырманы орындауда қиындық туған жағдайда оқушылардан:
— қандай үш бірдей санның қосындысы 15-ке тең болады? (5 + 5 + 5 = 15.)
Ғарышкеме суретінің орнына 5 санын қойып, өрнек құрастырады.
Ал белгісіз санды ☐ таңбасымен көрсету керектігін айту. Оқушыларда мынадай белгісізі бар теңдік шығуы керек:
5 + ☐ + 5 = 12. Санды таңдау тәсілін пайдаланып, берілген өрнектегі белгісіз санның мәні 2 саны болатынын анықтайды.
Осылайша шаршының басқа торкөздеріндегі белгісіз сандарды табады.
Оларда 5 + ☐ + 2 = 10 теңдігі шығу керек. Санды таңдау тәсілімен оқушылар белгісіз санның мәні 3 саны болатынын оңай анықтай алады.