(Ж) Орындап көр. Оқушылар кезекпен текшені
лақтырады және түскен санды+ х = 10 теңдігіндегі
бос орынға қояды. Осылайша, 6 теңдеу алуға болады:
1 + х = 10;
2 + х = 10;
3 + х = 10;
4 + х = 10;
5 + х = 10;
6 + х = 10.
Теңдеуді шешу таңдау тәсілі бойынша орындалады.
Жауабы: 9, 8, 7, 6, 5, 4.
х неге тең? Тапсырмада суреттер мен оның санын сәйкестендіру керек болатын теңдеудің графикалық моделі ұсынылады. Оқушылар белгісіз х-тің мәнін таңдау жолымен табуы тиіс. Бүтін мен бөліктің арасындағы өзара байланысты негізге ала отырып, белгісіздің мәнін анықтайды және қажетті суреттер салады.
Жауабы: 1 түймедақ және 1 қызғалдақ;
1 көңілді бейне, 1 көңілсіз бейне;
2 жұлдыз;
2 шаршы және 1 дөңгелек;
2 үшбұрыш.
Оқушының сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін қалыптастырушы бағалау түрінде мына сұрақтарды қойып, тексеру:
— Бір-бір теңдеу құрыңдар.
— Теңдеуді берілген мәтінге сәйкес құрыңдар: “Мен бір сан ойладым, оған 2-ні қосқанда 12 саны шығады” (х + 2 = 12.)
— Теңдеуді шешу дегеніміз не?
— х + 2 = 12 теңдеуін шеш.
— Қандай тәсілмен шештің? (Таңдау тәсілімен.)
— Неге теңдеу деп атайды? Сен қалай ойлайсың?
Рефлексия. Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.
Оқулық
Жұмыс дәптері
Боялмаған алмалар
Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Басқаларға көмектесу.
Топ басшысы рөлін атқару
Қорытындыны дәлелдеу
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін.
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс – сергіту сәті Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) – барлық тапсырмаларында.
Көркем еңбек - фигуралар, сауат ашу - суреттер, логикалық ойлау қабілеті.
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?