Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


(Ұ) Сурет бойынша белгісіз бөліктің мәнін тап



бет31/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   137
(Ұ) Сурет бойынша белгісіз бөліктің мәнін тап.
3 + х = 9 түріндегі теңдеуді оқыту. Оның белгілі және белгісіз компонентін атаймыз. Белгісіз шама теңдеудің бүтіні ме, әлде бөлігі ме?

  • Теңдіктен дұрыс теңдік алу үшін теңдеудегі х-тің орнына мүмкін болатын қандай санды таңдау керек? Мысалы, екінші бөлігі — белгісіз. Бірінші бөлігі — 3, бүтіні — 9. Бізге қоршаудағы тақтайлар саны 9 болатындай тақтайдың суретін салуымыз керек. Барлығы 6 тақтайдың суретін салдық. Ендеше х = 6. Осылайша, ондықтармен берілген 10 + у = 50 түріндегі екінші теңдеумен жұмыс жасау. Ол суретте ондықтармен буылған санақ таяқшалары түрінде берілген.

Жауабы: а) х = 6; ә) у = 40.
(Ө) Сурет бойынша теңдеу құрастыр және оны шеш. Оларда бөлікті бүтінге дейін толықтыру тәсілімен қосуға берілген теңдеуді қалай шешуді ойластыру және теңдеу түсінігін бекіту мүмкіндігі болады. Тапсырманы орындау кезінде қиындық кездессе, мына сұрақтарды:
— Таразының сол жақ табақшасындағы заттың массасы қандай?
— Оң жақ табақшасындағы заттың массасы қандай?
— Массалары тең бе? Оны қалай білдің?
— Қандай теңдік құрастыруға болады?
— Белгісіз бөлігі бар теңдікті қалай атайды?
— Алынған теңдеуді оқы.
Сен қалай ойлайсың, ананастың массасы қандай? Теңдіктің белгісіз бөлігі неге тең?
Жауабы: х = 1 кг.
(Ж) Шығарып көр. Оқулықтағы иллюстрацияны мұқият қарастыр.
Қалай ойлайсыңдар, не істеу қажет? (Дұрыс теңдік шығатындай қосылғыштарды таңдап алу керек.)
— Мұндай теңдік қалай аталады? (Теңдеу.)
Теңдеу шеш. Шешкеннен кейін жалпы сыныппен бірге тексер. Төмендегі сұрақтарға жауап:
— Не белгілі? (Екінші қосылғыш.)
— Ол бөлік пе немесе бүтін бе? (Бөлік.)
— Екінші бөлік неге тең? (Қызыл шаршы, жасыл үшбұрыш, сары жұлдыз және көк жұлдыз.)
— Бүтін неге тең? (Үш қызыл шаршыға, жасыл үшбұрышқа, сары жұлдыз бен көк жұлдызға.)
— Белгісіз неге тең? (Екі қызыл шаршы.)
— Неге?
Жауабы: х = екі қызыл шаршы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет