(Ұ) Теңдеудегі белгісіз қосылғышты тап. Теңдеуді шешуді сынып алдында тақтада орындауға болады. Оқушылар кезекпен тақтаға шығады және теңдеудің шешу жолын толық түсіндірмесімен айтып, теңдеуді шығарады:
Теңдеуді оқимын…;
Бұл теңдеуде қосылғыш — ..., қосынды — …;
Белгісіз қосылғыш. Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайтамын;
х — айырма … және … тең;
Жауап: х тең …;
Жауабы: х = 0; y = 12; a = 80; b = 40.
(Ж) Туннельде неше вагон бар?Олар 2 санынан 15 санына дейін бір саннан біртіндеп санайды, себебі 2 вагон туннельден шығып тұр, ал 15 вагон әлі туннельге кірген жоқ. Кейбір оқушылар шешудің басқа тәсілін, яғни 15 санынан 2 санына дейін санау арқылы шешуді ұсынуы мүмкін. Бұл шешуді де құптау, оны түсіндіріп беруін сұрау және 2 санына қосу тәсілімен тексерту. Мынадай теңдіктерді құрастыруға болады: 6 + х = 18 және 2 + х = 14.
(Ж) Шығарып көр. Оқулықтағы иллюстрацияда берілген текшелерден жасалған фигураларға бірнеше текшені қосқаны (белгісіз бөлікті) және жаңа фигураны қалай алғаны нұсқармен көрсетіліп тұр. Белгісіз бөлік, яғни қосылғышты білу керек. Бұл тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыну және тексеруді жұппен орындату.
Жауабы: а) 4 текше; ә) 9 текше.
(Ж) Орындап көр. Оқушыларға ойын ойнауды ұсыну. Оларға моншақ салынған қорапты ұсыну. Моншақтың саны 20-дан артпауы тиіс. Бірінші ойыншы қораптағы моншақтарды санайды да, сол санды есінде сақтайды. Содан кейін ол екінші ойыншыға қорапты беріп, ондағы моншақтарды санап, шыққан санды есте сақтауын ескертеді. Осыдан кейін бірінші ойыншы қорапқа тағы бірнеше моншақ салады. Бұл — оның қарсыласы табу үшін жасырылған белгісіз бөлік. Екінші ойыншы моншақтарды қайта санап, “Қанша моншақ қосылды?” деген сұраққа ауызша жауап беруі тиіс. Сонан кейін олар рөлдерімен ауысады. Тапсырманы орындау барысында бүтінді алу үшін белгілі бөлікке қандай да бір санды қосу тәсілін бекітеді.
Белгісіз қосылғышпен теңдеу құрастыр. Оқушылар суретке қарап, қосу амалына теңдеу құруы және белгісіз қосылғышты табуы қажет. Құрылған теңдік екі ыдыстың массасының теңдік түріндегі жазбасы болып табылады. Оқушылар теңдеудің шешуін торкөз дәптерге математикалық жазбаның ережесін сақтай отырып, дұрыс рәсімдейді. Мысалы, тепе -теңдікте тұрған табақты таразының бір табағында “х” деп жазылған қапшықпен 3 кг-дық кіртас, ал екіншісінде 5 кг-дық кіртас бейнеленген.
Суретке “х + 3 = 5” теңдеуін құрастыруға болады. Орындау үлгісі келтірілген.
Жауабы: 4 кг; 7 кг; 2 кг.
Оқушының сабақты меңгергенін тексеру үшін қалыптастырушы бағалау түрінде мына сұрақтарды қою:
— белгісіз қосылғышы бар кез келген теңдеу құрастыр.
— Белгісіз қосылғыш не болып табылады? (Бөлік.)
— Теңдеудің түбірі қалай табылады?
— Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?
Рефлексия. Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.