Ширату жаттығуы Оқушылар шеңберге тұрып «Төрт қадам» жаттығуын орындайды.
Төрт қадам алға (төрт қадам алға жүреді)
Төрт қадам артқа (төрт қадам артқа жүреді)
Менің аяғым топ-топ дейді (аяқтарымен топылдатады)
Менің қолым тақ-тақ дейді (қолдарын шапалақтайды)
Менің көзім жыпылықтайды (көздерін жыпылықтатады)
Ал мен секіремін (орындарында тұрып секіреді)
- Оқушылар, өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?
- Я дыбысы мен әрпі.
- Я дыбысы қандай дыбыс?(оқушылар жауабы)
Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбысты таңбалап жазсақ не болады?
- Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?