(МК; Ж; Қ) Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастыру. Кестедегі сөздерді оқыту. Жаңа сөздердің ішінен өтілетін дыбыс/әріпті таптыру іс-әрекетін ұйымдастыру.
«Я»-ны айтқанда қандай дыбыстар естисің?
«Қоян» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу.
(МК; Ұ; Т; Қ) Оқулықта берілген мәтінді оқыту. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша оқушының пікірін айтуға мүмкіндік жасау. Оқушылар пікірін айтып үйрену үшін мәтінді тыңдап немесе оқып болғаннан кейін
Саған мәтін ұнады ма? Неліктен?
Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады? деген сұрақтар қойылу қажет.
Алдаркөсе жайында білетінін айтқызу.
Оқушылардың өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасауын ұйымдастыру.
(МК; Ж; Қ) Мәтіннен «я» әрпі кездесетін сөздерді тапқызу. Сөздерді тақтаға жазып, дыбыстық-буындық талдаулар жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құратуға болады.
(МК; Ө; Т; Қ) Әр суретке назар аудартылып, оның не екені таптырылады (тасбақа, қоян). Суреттің астында жазылған сөз оқытылады. Ол сөзге мағынасы қарама-қарсы сөз тауып, дыбыстық талдау-жинақтау жасату. Мысалы, баяу – тез. Оқушыларға сөйлем құрату. Сөйлем ішінен мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу арқылы оқушылар сөздердің мағынасын ажыратуды үйренеді.
(МК; Т; Қ) Оқушылардың назарын сюжетті суретке аударту. Мысық неге мияулады? сұрағының жауабын топта талқылап, болжау жасап, дәлелдеулер жасай алуларына бағыт беру.
(МК; Ө; Қ) Оқушылардың Яя әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау.
Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолдану.
Рефлексия
Оқушыларға боялмаған гүлдер таратып беру. Олар бояйды.