Шығармашылық тапсырма. 1 топ «Сөз ойла, тез ойла» (берілген әріптерден сөздер ойлау, жазу.)
2 топ «Адасқан буындар» (берілген буындардан сөздер құрау)
3 топ «Қай әріпті жоғалттым?» (көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.)
4 топ «Кім шапшаң сөйлем құрайды?» (берілген суреттерге сөйлем құрау.)
Сабақты қорыту - Не үйрендік? Не білдік?
- Қандай дыбыспен, әріппен таныстыңдар?
- Ф дыбысы қандай дыбыс?
- Ф дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар.
- Оқушылар тақтада сандар қатары берілген, сандарды тура санасаңдар құпия сөзді табасыңдар.
Рефлексия
Оқушыларға боялмаған гүлдер таратып беру. Олар бояйды.
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Әріп, буын, сөздерді жазуға, оқуға қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларға әңгімені өздігінен оқуды тапсыру. Енді оқып үйреніп келе жатқан оқушылар үшін таныс әріптері бар шағын мәтінді пайдалану.
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Сабақты жүргізе отырып жекелеген оқушылардың оқи алу деңгейін тыңдау арқылы бағалау.Оқушылардың сұрақтарға жауап беру үдерісін бақылау арқылы бағалау.
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?