Балалар, мен сендерге бір жұмбақ қойғым келіп тұр.
Бірі тісті жуады, Бірі шаңды қуады Ол - ... .( щетка )
Буынға бөліп көрейік.
Щет-ка.
Щетка сөзі қандай дыбыстан басталады.
- Щ дыбысынан басталады.
Қане, балалар барлығымыз щ - щ - деп айтып көрейікші, қалай айтылып тұр?
- Дыбысымыз кедергіге ұшырап шығып тұр, олай болса дауыссыз дыбыс екен.
- Ал мынау Щ дыбысының таңбасы.
- Щ дыбысы қандай дыбысқа ұқсастығы бар?
- Щ - Ш ұқсас.
- Айырмашылығы бар ма?
- Щ дыбысының аяғы бар.
- Тақтадан қандай заттарды көріп тұрмыз?
- Щеткалар.
- Щеткалардың бәрі бірдей ме?
- Олардың атқаратын қызметтері әр түрлі.
- Бірі тіс тазартады.
- Бірі киім тазартады.
- Бірі аяқ - киім тазартады.
- Ұқыпты, таза жүруіміз үшін осы щеткаларды қолдана білуіміз керек. Деніміз сау болуы үшін тазалықты сақтайық.
(МК; Ж; Ө; Қ) Бағандағы сөздерді оқу. Мағынасын ашу.
АЩЫ ТҰЩЫ ПЛАЩ
Бұл сөздерде Щ дыбысы сөздің қай жерлерінде келіп тұр?
- Сөздің басында, ортасында, аяғында.
(МК; Ж; Қ) Мәтінмен жұмыс.
Балқаштың не екенін білеміз бе?
Жоқ.
Олай болса, Балқаш - Қазақстандағы үлкен көл. Ол Республикамыздың оңтүстік шығысында Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Балқаш көлі Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Оның тұздылығы да біркелкі емес. Батыс жақ бөлігінің суы тұщы болып келеді де, шығыс бөлігінің суы ащы болады.
Балқаш өңірі – әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50 жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.
Бұл аймақтың өсімдіктері, әсіресе, елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.
1) Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру;
2) Оқушыларға тізбектей оқыту;
3) 1 оқушыға тұтас оқыту.
Мәтінге талдау жүргізу
І топ: Мәтіндегі сөйлем санын анықтау.
І топ: Мәтіндегі щ әрпі бар сөзді тауып оқу.
І топ: Тұщы сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Мәтіннен мағынасы қарама-қарсы, мәндес, көп мағыналы сөздерді табыңдар.