Байланысты: Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып
Ойын “Бинго” (алдын-ала әзірленген “чек” бойынша ойналады)
Егер бала дайындалған сұрақтарға жауап берсе тиісті чекті алып, чак-чак тағамын жеуге рұқсат алады.
Ойынның мақсаты: балаларға еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру, шапшаңдыққа үйрету. Сөйлеу қабілетін, тілін дамыту.
Берілетін сұрақтар:
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?
3. Дауысты дыбысты ата.
4. Сенің есімің қандай дыбыстан басталады?
5. Аа дыбысына сөз ойла.
6. Сен қай қалада тұрасың?
7. Бб дыбысына сөз ойла.
8. Сенің ұлтың кім?
9. Пп дыбысына сөз ойла.
10. Мектебіміз неше қабатты?
11. Мичурин сөзін буынға бөліп айт.
(МК; Ө; Қ) Оқушылардың Чч әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазуын қадағалау. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолдану.
Дәптердің 39-бетіндегі тапсырманы орындату.
Сюжетті суретті басшылыққа алып, сызбаға сәйкес келетін мәтін құрастырту.
Бүгінгі өтілген дыбысты қайталап, қоржынымызға қосылған сөздерді хормен айтып, буындап оқып шығу.
Чем-пи-он
Че-мо-дан
Чек
Белсенділік көрсеткен балалармен топты мадақтап, “ЧЕМПИОН” атағын беру.
Рефлексия
Оқушыларға боялмаған гүлдер таратып беру. Олар бояйды.