Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар



бет66/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

Жұмбақ жасыру.
- Темір аяқты,
Ағаш таяқты (циркуль)
ь дыбысы кездесетін сөздермен таныстыру.
Мақсаты: ь дыбысы кездесетін сөздердің айтылу ерекшелігін меңгерту.
- лагерь, рояль, альбом, циркуль, фильм, рельс, коньки, компьютер.
Сөздердің мағыналарын түсіндіру
Лагерь – балалардың демалыс орны.
рояль – музыкалық аспап.
альбом – сурет салатын арнайы дәптер, фото сақталатын арнайы жабдық.
циркульөлшеуіш құрал
фильм – кино
рельс – пойыз жолы
конькисырғанақ жабдығы
компьютер – техника
- ь дыбысы ортада айтылып тұрған сөзді тапқызу.
- ь дыбысы аяғында кездесетін сөздерді тапқызу.
- осы сөздерді буынға бөлдіру.
- 1 буынды сөзді тапқызу.
- 2 буынды сөзді тапқызу.
- 3 буынды сөзді тапқызу.
Суретпен жұмыс.
Мақсаты: сөздік қорларын байыту, ойлау кеңістіктерін кеңейту.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру: Лагерь суреті беріледі. Осы суретке байланысты мәтін құрату.
Мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтату.
(МК; Ж; Қ) Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастыру. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асыру. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу.
(МК; Ө; Қ) Оқулықтағы тапсырманы оқыту.

  • Наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?

Сюжетті суреттердің желісі бойынша «Наурыз мерекесі» тақырыбына әңгіме құрастырту. Оқушылардың өз ойын көркемсөз тіркестерін қолданып жеткізулеріне ықпал ету.
(МК; Т; Қ) Мәтінді оқушыларға мәнерлеп оқытып, негізгі ойды анықтату. Асылға көмектесу мақсатында құттықтау хат жазу жұмысын ұйымдастыру.
Мысалы: Құрметті ата! Сізді кәсіби мерекеңізбен құттықтаймын! Деніңіз сау болсын! Немереңіз Асыл, т.с.с.
Дидактикалық ойын: «Жоғалған буындар»
..... – бом, ла -....., ро -....., ..... – ки.
(МК; Ө; Ж; Қ) Оқушылардың альпинист туралы ақпараттарды дереккөздер арқылы табуына мүмкіндік жасау. Оларды оқытып, талдау жасату. Дереккөздерден тапқан материалдарының қажетті жерлерін дәптерлеріне көшірту.
Жұппен жұмыс жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
Альпинист  спорттың тауға, шыңға жаяу жүріп, өрмелеп көтерілетін маман. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет