Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


(Ж) Сызбаға қарап есеп құрастыр және оны шығар



бет78/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   137
(Ж) Сызбаға қарап есеп құрастыр және оны шығар. Оқу­ шыларға сызбаны талдауды және олардан барлық көргенін айтып беруді, өз қалауы бойынша сызбаны сипаттап беруін, есепте не туралы сөз болатынын сұрау.
- Не белгілі, не белгісіз? Есепте не туралы сұрайды? Оқушыларға есепті жұппен шығаруды және шешуі мен жауабын қағазға жазуды ұсыну. Содан соң жұпты ауыстырып, өзара тексеруді ұйымдастыру.
Жауабы: 10 – 6 = 4 мәшине.
Оқушылардың назарын тақтадағы екі сызбаға аудару.

  • Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтып бер.

  • Есептің шешуі неге оның сұрағына байланысты?

(Ұ, Ө) Шығарып көр.
А) Оқушыларды есептің шартымен таныстыру. Тақтаға “Шарты”, “Сұрағы”, “Шешуі”, “Жауабы” деген сөздер жазылған парақшаларды іліп қою. Оқушылар есептің шарты мен сұрағын оқиды, ал шешуі мен жауабын өз бетінше табады (шешімін қағазға жазу керек). Содан соң бірнеше балаға өз шешулерін көрсетіп және есептің жауабын айтып беруін, есепті неге осылай шығарғанын түсіндіріп беруді сұраймын.
Ә) Бұл тапсырмамен де осы тәріздес жұмыс жүргізу.
Жауабы:
а) 7 + 2 = 9 (бұта); ә) 8 – 4 = 4 (тас).
(Ж) Кері есептер.

  • Кері есептермен жұмыс істеу алгоритмін қайталайық.

  • Бірінші есептің шартымен танысыңдар. Содан соң оқушыларға оны өз бетінше шығаруды және жауабын жазуды ескерту. Бірнеше оқушыға есептің шешуін айтуға мүмкіндік беру. Басқа оқушылардың осы есепті қалай шығарғанын білу үшін кері байланысты қолдану (бас бармақ әдісін қолдану).

Кейін оқушыларға жұпта жұмыс істеуді және екінші есептегі бос орындарға біріншіге кері болатындай етіп мәндерді қарындашпен жазып толтыруды ұсыну. Бірнеше жұптан есептерді оқып беруді сұрау. Жауаптары әртүрлі болған жағдайда қателеріне талдау жасау. Оқушыларға есептерді шығаруға уақыт беріп, жауабын айтуды сұрау.

  • Есептердің шешуін салыстырып, шығарыңдар.

  • Бұл есептердің шешуінде қандай айырмашылықтар бар? Жақсы жұмыс істеген жұптарға тағы да кері есептер құрастыруды ұсыну.

Жауабы:
5 + 3 = 8 (мәшине);
8 – 3 = 5 (мәшине).
Оқушыларға мына тапсырмаларды орындауды ұсыну:
1) есепке сұрақтар ойластыр:
Айдынның топтамасында 8 марка бар, ал Әселде одан 2 марка кем;
2) егер есеп 6 + 4 = 10 (ашықхат) түрінде шығарылса, есепте қай сөз түсіп қалған?
Мәриям саяхат кезінде үйіне 6 ашықхат, ал Нұрай 4 ашықхат жолдады. Нұрай неше ашықхат жіберді?
Рефлексия.
Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.

қарындаштар

оқушылардың әрқайсысына арналған А6 қағазының парақтары

Оқулық

“Шарты”, “Сұрағы”, “Шешуі”, “Жауабы” деген сөздер жазылған парақшалар
оқулық
Жұмыс дәптері

Боялмаған алмалар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет