Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


Пәні: математика Мектеп



бет86/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

Пәні: математика

Мектеп: №36

Ортақ тақырып: Күнделікті өмірдегі есептеулер




Күні: 04.04.2018

Мұғалімнің аты: Утепова Ж.

Сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Есеп шығару. Ақшаны қалай төлейміз?




Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.3.6 1 теңгелік, 2 теңгелік, 5 теңгелік,10 теңгелік, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды таниды, белгілі бір соманы монеталармен төлейді және ұсақтай біледі;

Оқушылардың көпшілігі:

  • сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.

Кейбір оқушылар:

  • бір санның екінші саннан қанша бірлік артық немесе кем екенін анықтауға берілген есептерді талдайды, шығарады және кері есеп құрастыра біледі;

Бағалау критерийлері

  • құны әртүрлі монеталарды ұсақтау арқылы есептесуге жаттығады.







  • жаттығу негізінде есептеу дағдылары қалыптасады.




  • санды өрнектердің мәнін табуға жаттығады;

  • ақшаны ұсақтаудың ең ыңғайлы тәсілдерін таңдап үйренеді.

Тілдік мақсат

Монеталармен төлеу дағдысы қалыптасады

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
монета

Құндылықтарды дарыту

Топ мүшелерін өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.

Талқылауға арналған сұрақ:

  • Ақшаны қалай төлейміз?

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, көркем еңбек, логика

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар



Басы



Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Писихологиялық дайындық


Ортасы


Соңы

Кіріспе тапсырма.
Сабақты есеп және оның құрамдас бөліктер туралы білімдерін жаңғыртудан бастау.
Зерттеу жұмысын жұппен жүргізетінін, жеке беттерге нағыз зерттеушілер сияқты зерттеу нәтижесін өздеріне түсінікті болатындай етіп қысқаша жазып отыратынын айту. Сонымен, бірінші сөзді жазамыз: ЕСЕП.
(Т) 1-кезең — “Ойлан!” сөзі жазылған парақша.



  • “есептің” не екенін ойланыңдар.

Оқушылардың алдына төмендегі кестені беру.
Оқып, салыстыр

10 тг + 20 тг. Жұлдыз бағасы 10 тг


Қосындының мәні кәмпит және бағасы
неге тең? 20 тг балмұздақ сатып
алды. Ол барлығы қанша
ақша жұмсады?
Мына сұрақтарды:

  • Бұл тапсырмалардың ұқсастығын тап. Айырмашылығы неде? Қай тапсырманы орындау үшін бірден жауап бере аласың?

  • Әр тапсырманы қандай әдіспен орындауға болады?

  • Осы екі тапсырманың қайсысы есеп болады?

Оқушылардың жауабын тыңдап, неге олай ойлайтындарын сұрау. Есептің шарты, сұрағы болатыны жайлы айту. Оқушыларға берілген есептің шартын және сұрағын олармен бірге талдап отырып табуға тырысамыз.

  • Есептің сұрағына жауап беру үшін не істеу керек? Қағазға жазған өрнектің есептің шешуі екенін айту.

Келесі кезеңде есептің сұрағын қайта оқып, жауап беруін сұрау.
Зерттеу барысында есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болады деген қорытындыға әкелу.
Есеп — шарты мен сұрағынан тұратын мәтін деп түйіндейді. Есепті сызбаға түсіріп орындау оны шешуді жеңілдетеді. Сызба бойынша есептің мазмұнын түсіндіре білуге үйрету. Сызбада барлық компоненттерді көрсетуге және олардың арасындағы байланысты анықтауға болатынын байқату. Мысалы:
(Т) Жұлдыз бағасы 10 тг кәмпит және бағасы 30 тг балмұздақ сатып алды. Ол барлығы қанша ақша жұмсады?
Осы мақсатта “Есеп” деген жазу жазылған қорапты пайдалану. Әр топқа есеп мәтіні және өрнектің оқылуы немесе теңсіздіктер, теңдеулер, сөйлемдер жазылған парақшалар таратып беру. Мысалы, “Қалам 20 тг, қарындаш 30 тг тұрады. Заттарды сатып алу үшін неше теңге төленеді?”, “Елу мен жиырманың қосындысы” т.с.с. Оқушылар топта талдап, есептерді “есеп” сөзін айта отырып, осы сөз жазылған қорапқа салады.

  • Кесіндінің бірінші бөлігі нені білдіреді? (Кәмпиттің бағасын.)

  • Екінші бөлігі ше? (Балмұздақтың бағасын.)

  • Есепте нені табу керек? (Барлығы қанша ақша жұмсалғанын табу керек.)

Оқушылар топпен бірге сызба салу үрдісін түсіндіре алады және есепті оған сүйене отырып шешеді.
(Ұ) Есеп. Оқулықта берілген есепке байланысты түсіндірмені оқушылармен бірге оқып, талдау жұмысын ұйымдастыру. Есеп шығару үшін қандай әрекеттер жасау керегі жайлы тиісті қорытынды жасату.
Есептің мәтінін оқу;
Есептегі белгісізді табу;
Сызбаға түсіру;
Есепті шешу үшін қай амалды қолдану керегін анықтау;
Есептің шешуін жазу;
Есептің жауабын жазу;
Есептің негізгі бөліктері туралы білімдерін бекіту.
Шығарып көр. Оқушыларға есепті оқып шығуды ұсыну.
- Есептің мәтінінен есептің негізгі бөліктерінің қайсысын бөліп көрсете аласың? Есеп шығаруға кіріспес бұрын, оны талдап алу керек. Осы мақсатта тиісті нұсқаулар:
Есептің мазмұнын түсіну кезеңі: “Есептің мәтінін оқып шығыңдар. Не туралы немесе кім туралы айтылғанын анықтаңдар”.
Жоспарлау кезеңі: “Есепке берілген суретті немесе сызбаны қарап шығыңдар. Бүтін мен бөлікті анықтаңдар. Әр санның нені білдіретінін түсіндіріңдер”.
Шешуі: “Есептің сұрағына қалай жауап беру керегін ойлаңдар. Белгісіз бүтінді табу үшін қандай амалды орындау керек? Есептің шешуін жазыңдар”.
Тексеру кезеңі: “Есептің жауабын жазыңдар. Кері амалмен тексеру жүргізіңдер”.
Есепті берілген алгоритмге сүйеніп шығарыңдар.
Жауабы:
10 + 6 = 16 (тг).
Жауабы: енді әмиянда 16 теңге болды.
Орындап көр. Тапсырма есептің мәтіні мен сұрағы арасындағы байланысты бекітуге арналады. Есептің сұрағына сүйеніп оқушылар оның шартын айтады. Жұмыс барысында оқушылар назарын есеп бөліктеріне қатысты жаднамаға аударып тұрғаны абзал.
Есеп құрастыр. Есептің бөліктері мен олардың атауларын сәйкестендіруге берілген тапсырма.
Тапсырманың екінші бөлігінде оқушылар есептің шешуін санды өрнек арқылы жазып, жауабына тиісті санды қояды.
Жауабы:
Шарты — “Мақпалдың 20 теңгелік және 10 теңгелік монеталары бар.
Сұрағы — “Мақпалдың қанша ақшасы бар?”
Шешуі — “Сызба және санды өрнек:
20 + 10 = 30 (тг)”.
Жауабы: Мақпалдың 30 теңгесі бар.
Жиналған ақша. Оқушылар әрбір жинақ қобдишасында қанша сом барын анықтайды. Одан кейін бұл сомаларды салыстырып, бір монеталар сомасы екіншіден қанша артық екенін табады.
Жауабы:
20 тг < 40 тг-ден 20 тг-ге кем;
15 тг = 15 тг;
70 тг > 50 тг-ден 20 тг-ге артық.
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар:
— есептің басқа тапсырмалардан қандай айырмашылығы бар?
— Есептің негізгі бөліктерін атаңдар.
— Есептің сұрағы деген не?
— Сұрағы жоқ есеп бола ма?
Рефлексия.
Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.

кесте


“Есеп” деген жазу жазылған қорап


есептерді құрастыруға және шығаруға арналған сызбалар;
“Шарты”, “Сұрағы”, “Шешуі”, “Жауабы” деп жазыл­ ған есептің құрамдас бөліктерінің атаулары бар парақшалар;
есептің құрамдас бөліктері жазылған жаднама;


парақ беттеріне жазылған тапсырманың мәтіні.

Боялмаған алмалар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет