Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


Қажетті монеталарды таңдап ал



бет84/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

Қажетті монеталарды таңдап ал. Оқушылар ұсынылған нұсқалардың ішінен монеталарды ұсақтаудың ең ыңғайлысын анықтайды және сол нұсқаны қоршап сызады. Жауабы:
а) 10 теңгелік бір монета және 1 теңгелік сегіз монета;
ә) 10 теңгелік бір монета және 2 теңгелік төрт монета;
б) 10 теңгелік бір монета және 5 теңгелік бір монета, 2 теңгелік бір монета және 1 теңгелік 1 монета.
(Ж) Шығарып көр. Талдау барысында оқушылар сатып алынған заттардың бағасын анықтайды. Ұсынылған азық-түлік бағасын қосып және монеталарды ұсақтау дағдысын қолданып заттардың құнын есептеп төлейді.
- Сабақтың басында орындаған іс-әрекеттерін еске түсірейік. Сол сияқты мұнда да ұсақтау арқылы сатушыға заттың құнын дәлме-дәл есептеп беруге болады. Мұны тура төлем дейді. Ол үшін 10 теңгеліктердің біреуін ұсақтау керек. Оқушылардың міндеті: 10 теңгеліктерді ұсақтаудың әртүрлі тәсілін көрсетіп, сатушыға дәлме-дәл 28 тг санап беру.
(Ө) Орындап көр. Бағасы 70 тг тұратын бананның құнын ең аз монета жұмсап қалай төлеуге болатынын табу көзделеді. Тапсырманы орындау үшін 70 тг алу мақсатында құны қандай монеталарды пайдалануға болатынын тәжірибе жүзінде орындап көреді. Тапсырманы әр оқушыға жеке орындату. Оқушылардың жауаптарын салыстырып, ең аз монета қолданған оқушыны табу.
Жауабы: 70 = 20 + 20 + 20 + 10.
(Ө) Ойлан.

  • Екі 20 теңгелік монетаны қалай ұсақтауға болады? Бірнеше тәсілін көрсетіп, ішінен аз монетамен ұсақтау түрін көрсетуді ұсынамын.

Жауабы: 20 тг + 20 тг = 10 тг + 10 тг + 10 тг + 10 тг; 20 тг + 20 тг = 10 тг + 10 тг + 10 тг + 5 тг + 5 тг т.с.с.
Сатып алған заттың құнын төле.
Оқушылар көрсетілген заттардың бағасы бойынша құрайтын соманы әртүрлі аз монеталарды қолданып көрсетеді де суретін сала алады. Олар тапсырманы бірнеше нұсқада орындайды.
Жауабы: 20 тг = 10 тг + 10 тг; 20 тг = 5 тг + 5 тг + 5 + 5 тг; 20 тг = 10 тг + 5 тг + 5 тг;
9 тг = 5 тг + 2 тг + 2 тг; 9 тг = 5 тг + 2 тг + 1 + 1 тг; 9 тг = 5 тг +1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг; Көптеген нұсқалары бар.
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін сабақ соңында мынадай сұрақтар:
— 20 теңгелік монетаны қалай ұсақтауға болады?
— 10 теңгені аз монета жұмсап қалай ұсақтауға болады?
— Екі 10 теңгелік монетаң болса, 20 тг тұратын затты сатып ала аласың ба?
Рефлексия.
Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.

2 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңгелік монеталар

2 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңгелік монеталар


Оқулық
монеталар





  1. ламинатталған А4 пішімдегі қағаз; маркер.

бағасы жазылған заттардың суреттері бар парақшалар


Боялмаған алмалар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет