1.4.1.2 жиындарды элементерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу
1.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «екі - екіден» комбинациялар жиынын құрастыру
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
қоршаған ортадағы заттардан “екі-екіден”алған білімді қолдана алады
Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай
қуаныш!
Писихологиялық дайындық
Ортасы
Соңы
Кіріспе тапсырма.“Күн мен түн” ойыны. Ойынға үш ойыншы қатысады. Олар орындықтарға отырады, ал орындықтарға түрлі түсті стикер бекіту керек. Жүргізушінің “Күн!” деген бұйрығы бойынша оқушылар орнынан тұрып, орындықты айнала қозғалады. Жүргізушінің “Түн!” деген бұйрығы бойынша олар орындыққа қайта отыруы керек. Мұнда өзі отырған орындығына бір-ақ рет отыру керек деген шарт қойылады. Қалған оқушылардың барлығы қойылған шарттың орындалуын бақылайды. Ойын барлық отырудың мүмкін нұсқалары байқалмайынша жалғаса береді.
Барлығы неше нұсқа болады?
Жауабы: үш нұсқа.
“Түсті тап” ойыны.
Қорапта үш түрлі — қызыл, жасыл және көк түсті текшелер бар. Олар мұнара түрінде жиналған. Сәйкес келетін түсті шаршылардан текшелер құрастырып, мұнараның суретін салу керек.
Сосын қораптан текшелерді біртіндеп алып шығу. Текшелердің түсін тура тапқан оқушы жеңімпаз атанады.
Оқушылар текшелерден қанша мұнара құрастырса да, салынған суреттердің арасынан оған ұқсас сурет үнемі табылып, сен әрқашан жеңімпаз болады.
Жауабы: қызыл, жасыл, көк; қызыл, көк, жасыл; көк, жасыл, қызыл; көк, қызыл, жасыл; жасыл, көк, қызыл; жасыл, қызыл, көк.
(Ж) Ойын. - Сыныптың бос жеріне шығып, жұп құраңдар. Бір жүргізушіні таңдайық. Жұптар қозғалып жүруі керек. Жүргізуші “комбинациялау” деп дауыстап айтқанда жұптар орындарын ауыстырып, жаңа жұптар құрастырылады. Ең соңғы жұп ойыннан шығады.