Сөз бен сөйлемді ажырату, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсінеді.
(МК;Т;Қ) Сұраққа жауап беру білігін, іздену жұмыстарын ұйымдастыру, өз іс-әрекетіне рефлексия жасай алу деңгейін бағалау.
Оқушыларға оқулықтағы тапсырманы оқытып, сұрақтарға толық жауап алу.
Денсаулықты күту үшін не істеу керек деп ойлайсың? сұрағы бойынша коллаж жасату.
Оқушылардың жұмыстарын топта жариялап, өз іс-әрекеттеріне «Менің сөзім» әдісі арқылы рефлексия жасату. Өз ойларын айтып, дәлелдеулер жасай алуына ықпал ету.
2-жаттығу. Оқулықтағы жаттығу жұмысын №2- жұмыс дәптеріне орындату. Оқушылардың қатені табу және түзету білігін бағалаймын. Оқулықтағы жұмбақты оқытып, көшіртіп жазғызу. Жұмбақтың шешуін тапқызып, дыбыстық талдау жасату. Орындалған жұмысты өзара бағалауды іске асыру.
Дескриптор:
Қатені табу және түзету білігін бағалау.
(МК;Ө;Қ) 3-жаттығу. Оқулықтағы жаттығу жұмысын №2- жұмыс дәптеріне орындату. Оқушылардың сөйлемді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Тақтамен жұмыс жүргізу. Заттың атын білдіретін сөздерді тапқызу.
Дескриптор:
Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
(МК;Ө;Қ) Заттың атын білдіретін сөздерді тапқызып, оларға сұрақ қоя білу білігін бағалау.
№2-жұмыс дәптерімен жұмыс ұйымдастыру. Дәптердің 23-бетіндегі тапсырманы орындату. Кестені берілген әріптерге сәйкес толтырту. Жұмыстарын топта жариялатып, дәлелдеулер жасату.
Дескриптор:
Заттың атын білдіретін сөздерді тапқызып, оларға сұрақ қоя біледі.
(МК;Т; Қ) Суреттердің көмегімен әңгіме құрай алу, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасай алу білігін бағалау.
4-жаттығу. Оқулықтағы тапсырмаларды оқытып, әріптер мен сандарды пайдаланып, жасырынған сөздерді тапқызу. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату.Оқушылардың өз ойларын айтып, дәлелдеулер жасай алуына ықпал ету. Орындалған жұмысты өзара бағалауды іске асыру. Жазған жұмыстарын топта жариялап, өз іс-әрекеттеріне «Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексия жасату.